Астанада IT саласындағы стартап жобаларының Astana Hub халықаралық технопаркі жұмыс істей бастады. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, парк жұмысының ашылу шарасына қатысқан президент Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарды инновацияның дамуына белсенді араласуға шақырды.

«Технопарк қызметіне қатысатындар жеңілдетілген виза және еңбек режимінде жұмыс істей алады. Оларға салық және басқа да жеңілдіктер жасалады. Оның базасында менторлық институты құрылады. Бұл институт аясында сарапшылар стартап командаларына демеу көрсетеді» деді Назарбаев.  

Astana Hub паркі ЭКСПО-2017 көрмесі базасында ашылып отыр. Парк стартап мәдениетін дамытып, экономиканы нығайтатын жоғары технологиялық жобаларды қолдайды деп жоспарланып отыр.

Жоба бойынша, 2022 жылға дейін Қазақстанда стартап резиденттеріне 67 милилард теңге инвестиция жұмсалмақ.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.