SWIFT төлем жасау жүйесі Иранның бірнеше банкіне өз жүйесінде шет елдермен трансфер жасауға тыйым салды. Бұл туралы SWIFT мәлімдемесіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.

Құжатта банктердің SWIFT жүйесінен әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін уақытша ажыратылғаны айтылады. Мәлімдемеде АҚШ-тың Иранға салған санкциясы туралы сөз жоқ.

SWIFT төлем жүйесіне 200-ден астам елдің 11 мыңнан астам банкі қосылған. АҚШ SWIFT жүйесінің директорлар кеңесінде басымдыққа ие емес. Дегенмен, Ақ үй SWIFT Иранды төлем жүйесінен шеттетпесе, төлем жүйесінің өзіне санкция сала алады.

5 қарашада АҚШ-тың Иранның қаржы, энергетика секторлары мен кеме жасау және кеме қатынасы салаларына салған санкциясы күшіне енді. Президент Дональд Трамптың әкімшілігі 2015 жылы Иранмен жасалған ядролық келісімнен соң жойылған барлық шектеу шараларын қалпына келтірді.

Ирандық компаниялармен бизнес жүргізуін тоқтатпаған елдер де қара тізімге енгізіледі. Вашингтон сегіз елдің Иран мұнайын сатып алуына 180 күнге мүмкіндік берді. Ол елдер арасында Қытай, Ресей, Түркия, Үндістан және Жапония бар.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.