Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жасөспірімді зорлап, кейіннен өлтірген азаматқа қатысты үкім шығарды Тұтастай бір ауылды аяғынан тік тұрғызған оқиға Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде орын алған болатын. 31-жастағы Бауыржан ЕЕСЕНБАЕВ 7-сынып оқушысы Дилназ ӘЛИАКБАРДЫ зорлап, кейін басынан кірпішпен ұрып өлтіргені үшін қамауға алынған еді. Тергеу жұмыстарын аяқтаған тәртіп сақшылары істі сотқа жолдаған.

Жабық сот процесін судья Думан ӘЛИЕВ жүргізді.Тергеу кезінде күдікті өзінің кінәсін толық мойындаған. Үйінде жалғыз қалған жасөспірімді зорлап, кейін қылмысын жасыру үшін оны өлтіргені белгілі болды. Жәбірленушінің мәйітін сол кенттің тұрғындарының бірі тапқан. Айта кету керек, Бауыржан Есенбаев бұрын істі болған азамат. Осы уақытқа дейін бірнеше мәрте заңды бұзып,темр тордың арғы жағында жазасын өтеген жігіт Шалқияға өзге өңірден көшіп келген екен.

«Күдікті ҚР қылмыстық кодексінің149-бабының 1-бөлігімен, 120-бабы 4-бөлігімен, және 99-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті 22 (жиырма екі) жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануы танылған. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеуге тағайындалған. Оның алғашқы 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіздігі мекемелерінде өтеу белгіленген. Сонымен қатар,  сотталушыға жаза өтеу жерінде алкоголизмнен емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалды»,-деп мәлімдеді  Қызылорда облысы қылмыстық істер жөнідегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі. 

Фото: time.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.