Билік шешімімен жабылған Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі Лариса Харькова өзіне қатысты қозғалған істі тоқтатуды сұрады.

Қаладағы жедел жәрдем станциясының кәсіподақ комитетінің төрайымы Сәуле Әбдібаева Харьковадан 2,5 миллион теңге талап еткен. Бұл шағым Шымкенттегі Еңбекші аудандық сотында қаралып жатыр. 

6 қараша күні өткен отырыста Харькова мен оның сенімді өкілдері бірнеше талап-арыз түсірді. Харькова соттан істі өндіріске қабылдау заңсыз екенін, кезінде конфедерацияға енген қаладағы жедел жәрдем станциясының кәсіподақ комитеті қазір жоқ екенін айтты. Айыпталушының сөзінше, Сәуле Әбдібаева басқарып отырған қазіргі кәсіподақ сол кездегі жедел жәрдем станциясы кәсіподақ комитетінің ақшасын талап етуге құқығы жоқ.

Харькованың сенімді өкілі Жаңабек Әбішев Қазақстанның бірде-бір заңында жарнаны қайтару жайы қозғалмағанын айтып, істі қарауға алған судья Мая Шертаеваның шағымды қарауына қарсылық танытты. Судья талап-арызды қабылдап, үзіліс жариялады. 

Шымкенттің Еңбекші аудандық соты былтыр 25 шілдеде Лариса Харькованы «бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін алаяқтықпен әрі аса ірі көлемде жымқырған» деп айыптап, бас бостандығын төрт жылға шектеу және мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарған.

Қазақстанда сотталған бұрынғы кәсіподақ басшылары Лариса Харькова, Нұрбек Кұшақбаев және Әмин Елеусіновке халықаралық Артур Свенссон атындағы сыйлық берілген.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.