Біріккен ұлттар ұйымы Ирактың солтүстігі мен батысында «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы құрбандарының жаппай көмілген екі жүзден аса орнын тапқан. Ұйым бұл туралы 6 қарашада мәлімдеді.

Көмілген денелер, кезінде экстремистердің бақылауында болған аудандардан табылған. БҰҰ-ның Ирак бойынша арнайы баяндамашысы Ян Кубиштің сөзінше, көмілгендердің нақты санын айту қиын дегенмен онда «мындаған адамның денесі бар» екен. 

Қазір мамандар табылған сүйектерді зерттеуге кіріскен, кейін олар туыстарына тапсырылады.

2014-217 жылдары Ирактың басым бөлігін «Ислам мемлекеті» экстермистік ұйымы бақылап келді. 2017 жылдың желтоқсанында билік «жихадшыларды» жеңгенін мәлімдеді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.