Қарқаралы ауданына қарасты Қарағайлы ауылында 3500 халық бар. Алайда, олар суды құдықтан тасуға мәжбүр. Орталық құбыр тарту жұмысының сметалық жобасын жасау жұмысы кекшіктірілгендіктен, 10 млн 700 теңге игерілмей қайта бюджетке қайтарылу тиіс.

Қошанов құдықтан су ішетін халықпен кездесті

Өзекті мәселені облыс басшысы Ерлан ҚОШАНОВ келгенде тұрғындар көтерді. Ауылда жасы ұлғайған жұртшылық болғандықтан, 50- 60 литрлік флагтарды тасу қиындыққа соғатынын айтып шағымданды.

«Бізде екі мәселе туындап отыр – кәріз және сумен қамту жүйелері. Табиғи саябақтың жанында ұңғыма бар. Ол жерден қаланың 80 % тұрғындары су алып отыр. Алайда қалғандарында сумен қамтуға қатысты қиындықтар бар. Әзірге бұл мәселе шешілмей тұр.» —дейді қала тұрғыны Серік ЖӘКЕЕВ.

Қошанов құдықтан су ішетін халықпен кездесті

Дегенімен, түйткілді мәселені шешуге қаражат та бөлінген екен. Оны облыс басшысы өз сөзінде түрткі етті. « Сумен қамту жүйесіне біз қаражат бөлдік, бірақ сіздер оны меңгере алмадыңыздар. Енді міне, тұрғындар орынды мәселені көтеріп отыр…»

2013 жылдан бері талай өтініш беріп жүргенде, жасалатын жұмыс құныда шарықтап үлгерген.

«2013 жылдан бері біз үш рет өтініш бердік. Бірақ бастапқыда қажетті сома 1,5 млрд теңгені құраған болатын, ал қазір ол 2,5 млрд теңгеге дейін көтеріліп кетті. Сумен қамту үшін ЖСҚ дайын тұр. Біз су құбырын Жарлы ауылы арқылы тартамыз. Геологиялық-топографиялық жұмыстарды ескере отырып, аудандық бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінген. Мердігер анықталған, жұмыстар аяқталуға жақын» деп аудан әкімі  Халел МАҚСҰТОВ есеп берсе, аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Жасұлан СЫЗДЫҚОВ бізге берген сұхбатта мынадай мәлімдеме берді.

«Мердігер «GlobalEnergyGroup» ЖШС құрылыстық ЖСҚ уақытылы әзірлеген жоқ. Қыркүйек айында тапсыру керек еді. Бірақ жасалынбады. Біз қазір Қарағанды ауданаралық экономикалық сотқа бердік. Келісім шарт о баста 15 млн 700 мың теңгеге жасалынды. Екі жылға жасалынған еді, былтыр 5 млн. аударылыды. Ал, биылғы жылы 10 млн 700 мыңы қалған. Бірақ енді сотқа бергендіктен, жұмыстары жасалмағандықтан, облыстық бюджетке қайтаруға хат жолдадық.»

Қошанов құдықтан су ішетін халықпен кездесті

Дегенімен, 32 шақырым құбыр тарту жұмысының ЖСҚ биылда шарықтау шегіне жетпей жолда қалып, ауыл тұрғындарына суды біраз күтулеріне тура келеді. Себебі, құжаты дайындалмай машақаты көп мәселеге алдағы уақыттарды болжаммен қосымша  850 млн. қаражат тағы сұратылатын болады. Бұл су құбырларын орнату үшін. Дегенімен, ақбұлақ бағдарламасы 2020 жылға дейін бітіп қаламыз деген үміт ұялатқан тұрғындарға «қырқына шыдағанда, қырық біріне де» жетерміз деуден басқа амалдары қалған жоқ.

Фотолардың авторы Дмитрий Кузьмичев

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.