Бүгін Алматыда спортшы Денис Тенге мемориалдық тақта орнатылды. Ескерткіш оның туып-өскен үйінің қабырғасына ілінді.

Ашылу рәсіміне Кеңес Одағы мен Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы әрі Мәскеуде Денис Тенді жаттықтырған бапкер Татьяна Тарасова келді. Ол Денистің «жастайынан ерекше бала» болғанын, «ол тек Қазақстанда өмір сүргісі келгенін, Денистің арқасында әлем жұртшылығы Қазақстанды танығанын» айтты.

Шараға қатысқан Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев алдағы көктемде Денис Тенге ескерткіш орнату жоспарланғанын хабаралады.

19 шілдеде Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапқан. Спортшы қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер салған пышақ жарақатынан ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған.

Теннің өліміне қатысты істе үш күдікті бар. Олар — Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева.

Қазанның 25-і күн ІІМ Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады.

   

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.