Алматы-Ташкент тас жолында «қоғамдық көлікте бұзақылық ниетпен травматикалық қарудан оқ атқан екі күдікті ұсталды» деп xабарлайды Азаттыққа Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз xатшысы Әсел Сәденова.

Сәденованың айтуынша, оқиға қарашаның 5-і күні Алматы-Ташкент тас жолы бағытында жүретін қоғамдық автобуста болған. Онда Түркістан облысының екі тұрғыны бұзақылық ниетпен травматикалық қарудан оқ атқан.

«Күдіктілер ұсталды. Айғақтық заттар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдарының басталғанына байланысты күдіктілердің аты-жөні мен туған жылын айта алмаймыз», деді баспасөз xатшысы. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.