Еліміздің Шығысындағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде демалушылардың саны көбейді. Бұған дейінгі жылдары жаз айындағы еңбек демалысын алған жерлестеріміз шекера асып, шет елдегі санаторилерді іздеп кететінін ескерсек, қазір жағдай мүлдем өзгерген. Биыл онда тек қазақстандықтар ғана емес, алыс-жақын шет елден келіп емделгендердің де қатары күрт өсіпті. Бұл оң өзгерістердің орын алуына ел ішіндегі туризмді дамытуға байланысты жасалған бағдарламалар әсер етіп отыр. Атап айтсақ, келушілерге арналған демалыс орындарының көбеюі. Ондағы көрсетілетін қызмет сапасының күннен-күнге жақсаруы, тағысын тағы.

Ал туристермен тікелей жұмыс жасайтын турфирмалардың айы да оңынан туды. Мәселен, Өскемендегі «Вояж» туристік фирмасының бас директоры Ирина ЩЕГЛОВА, әсіресе әлемнің бірқатар елдерінің азаматтары үшін елімізге визасыз келуіне рұхсат берілуі жұмысымызға жан бітірді – дейді.

– Дәл қазір Қазақстанға 20-дан астам мемлекеттен адамдар визасыз келеді екен. Туризмді дамытуға арналған нақты жоспарлар жасалып, тиісті заңдарға енгізілген өзгертулерден кейін жағдай өзгерді. Биыл елімізге визасыз келген туристер көп болды. Бұл бізді өте қуантады. Әрнине, басқа мемлекеттерден де келіп жатқан келушілер бар. Десек те, мұны біздің өлкенің табиғатын тамашалағысы келетін кез-келген шетелдіктерге жасалған жағдай деп түсінеміз. Бұрын аз болса да туристер өздері келетін. Бізден ақыл-кеңес сұрайтын. Біз қолымыздан келгенше көмектесетінбіз. Қазір керісінше. Біздің мүмкіндігіміз молайды. Биыл осы саладағы танымал компаниялармен бірлесе отырып, қызмет еттік. Ұйымдастыру жағы өте жақсы болды. Германия мен Шведцариядан, Эстония мен Италиядан, Америка Құрама Штаттары және Австралия секілді елдерден жекелеген адамдар да, отбасымен келгендердің де қарасы көп.Дем алу мен ем алу

Туристер Катонқарағайға тек тынығу үшін ғана келіп жатқан жоқ. Оралхан Бөкейдің ауылына арнайы апаруды өтінетіндер жетерлік. Жазушының шығармаларымен сырттай таныс жандар Шыңғыстайға барып, мұражайымен де танысуда. Онда қойылған қаламгердің кітаптарымен танысып, киген киімі, суреттерін, тұтынған заттарын ұстап көріп қанық болуда.

– Біз жол көрсетуші ретінде қызмет еткендіктен, ардақты жазушымызды естімеген адамдар болса, баруларына кеңес береміз. Олар келіседі. Барып көріп, таңданыстарын жасыра алмағандарға куә болдық. Бұл да осы туризмді дамыту тек табиғатты аралап, демалу ғана емес екенінің бір дәлелі болса керек – дейді, «Вояж» туристік фирмасының бас директоры Ирина ЩЕГЛОВА.

Тарихымызды түгендеу туралы айтсақ, бізге дәл осы Катонқарағайдағы Берел қорымының бергені көп. Сақ дәуірінен бері сақталған тарихи ескерткіштер де туристердің келуіне сеп болып отыр. Келушілердің бәрі осындағы қазылып алынған көне жәдігерлерді өз көздерімен көруге қызығады.

 

Алтайды аралаушылардың арасынан альпинист болмаса да Алтай тауларының ең биік шыңы Мұзтауға шығуды армандайтындар бар. Олардың да жолына кедергі келтіретін дәнеңе жоқ. Тіпті жүріп өтетін жолдары нақты белгіленіп, қонып жататын орындарына дейін алдын ада ұйымдастырылып қойған. Бүкіл әлемдік мұраның бір бөлігі саналған «Алтайдың алтын тауларының» саф ауасымен тыныстайды. Рахман қайнарының тұмша табиғатына еніп, бойларына қуат алуда.

Дем алу мен ем алу

Катонқарағайдың кербез Маралы мен Кербұғысы әмбеге аян. Туристердің тартылуына да осы Өр Алтайды мекен еткен жануарлар тікелей әсер етіп отыр. Марал мүйізінің сорпасына түсіп ем алады. Басқасын айтпағанда бұл әдіс белсіздікке дауа іздеген жандардың жанына шипа екені әлдеқашан дәлелденген. Тамылжыған тау арасында жатып, уылжыған уыз дүниеде емделудің сыры бөлек.

Дем алу мен ем алу

«Вояж» туристік фирмасының бас директоры Ирина ЩЕГЛОВА: – Марал мен Бұғының қасиетін біліп, сорпасы мен қанының көп дертке шипа екенін түсінген туристер қайта айналып келіп жатады. Тіпті өздері ғана емес, таныстары мен достарын ертіп келеді. Яғни, олар біздің жеріміздің демалысқа өте пайдалы екенін түсінді. Өз елдерінде дәріптеуде. Ал ол алдағы уақытта туристердің санының тағы да артатына сенуге болатынын білдіреді – дейді.

 Елімізде Қазақстанның туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген. Соған орай, Шығыс Қазақстан облысында да «Алтайдың інжу-маржаны» туристік кластерін қалыптастыру міндеттеліп, аталған бағыт бойынша жұмыстар басталып кеткен. Өңірде туристерге тиімді нақты 8 мекен анықталып, заңды түрде бекіген. Соның бірі осы Катонқарағайдағы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

– Емдеу-сауықтыру туризмін дамыту біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі. Шығыс  Қазақстан облысында 18 пантымен емдейтін орын болса, солардың көбі Катонқарағай ауданында орналасқан. Облысымзда 9230 бас Марал мен Кербұғы бар. Қазіргі мақсатымыз солардың санын көбейту. Соған сәйкес, туристер де жиі әрі көп келеді деп сенеміз. Шығыс Қазақстан жерінің 11,9 процентін ормандаы алқаптар алып жатыр. Өсімдіктің 3500 түрі өседі. Олардың 38 түрі емдік қасиеті бар дәрілік шөптер. Сондықтан келемін деушілердің қажеттілігін өтеу үшін сан салалы бағытты қатар дамытуымыз керек. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанның Киелі жерлеріндегі туризм де дамуда. Жалпы 9 айдың қортындысы бойынша тек Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 3135 адам келіп демалдыдейді, Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпарат орталығының директоры Сымбат РАМАЗАНОВ.

Дем алу мен ем алу

 Экологиялық туризмнің бір түрі – балық аулау мен аңшылық. Катонқарағай жері осы балық аулау мен аңшылықты жандарына серік еткен жандар үшін таптырмас мекенге айналып отыр. Дәл қазір облыс аумағында жануардың 489 түрі мекен етеді. Ірілі-ұсақты өзен мен көлдерде 37 түрлі балық өседі. Олардың 25 түрін ғана аулауға рұхсат етілген. Қалғандары Қызыл кітапқа енгізілгендіктен тиым салынған. Мәселен, Майқан, Таймень секілді балықтар дүние жүзінде сирек кездеседі. Бірақ біздің елдің шығысынан табылады. 

Парк жайлы пайдалы ақпарат 

Жалпы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2001 жылы шілде айында құрылған болатын. Ондағы түпкі мақсат та айқын әрі бөлек еді. Экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық құндылығы ерекше Оңтүстік Алтайдың бірегей табиғи кешендерін сақтап, бүлінгендерін қалпына келтіру болатын. Қазір сол міндеттер де орындалып келеді.

Солтүстігі мен шығысында: Ресеймен шектеседі (Алтай Республикасы).

Оңтүстік-шығыстағы шекарасы Катонқарағай ауданының аумағы арқылы өтеді.

Батыста: Шекара Фарпусная (Шуршут су) өзені бойымен Белқарағай (Медведка) және Солдатово ауылына дейін өтеді.

Оңтүстік шекарасы Оңтүстік Алтай жоталарының солтүстік беткейлері бойынша: Сарымсақты, Алтай Тарбағатай, Шыңғыстай орманшылығының Мұз-Бель орман саяжайы шекарасымен және Катонқарағай, Күршім аудандарының әкімшілік шекарасымен өтеді.

Ұлттық парк Оңтүстік Алтайда теңіз деңгейінен 3 000 метр биіктікте орналасқан.

Парктің жалпы аумағы – 643 744 гектар.

Оның ішінде орман алқап – 267 202 гектар.

Ормансыз жерлер – 376 275 гектар.

Су – 4 182 гектар.

Батпақ – 4 440 гектар.

Мұздықтар – 1 503 гектар.

Таулы және таулы-орман аймағының климаты өте ылғалды, орташа суық, кей жерлерде өте суық. Аймақтың солтүстік жартысында жылына 550-560 мм жауын-шашын түседі.  Бір жылда желдің орташа айлық жылдамдығы 1,7 м/сек құрайды. Жыл ішінде шамамен 7 күн қатты жел тұрып, 10 күн шаңды дауыл соғады.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.