Павлодар облысында биылғы жылы үлкенді-кішілі 17 елді-мекен ауыз сумен қамтылуы тиіс. Осы орайда бүгінде бес бірдей ауыл таза сумен жабдықталыпты.

-Бес елді-мекенге таза су тартылып, қолданысқа берілген. Алдағы уақытта өзге 12 ауылда да осындай жұмыстар аяқталуға жақын. Атап айтсақ, Павлодар ауылдық аймағындағы Ленинский пруд испаритель ауылында, Ақсу ауылдық аймағындағы Айнакөл, Сынтас ауылдары және Екібастұз аудынандағы алты бірдей ауылды, сондай-ақ Ертіс, Ақтоғай, Тереңкөл аудандарындаға бірнеше кентті ауыз сумен қамту көзделген, — дейді Павлодар  облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан СӘТИЕВ. 

Осылай деген атқамінерлер, қалған он екі кентті жыл соңына дейін таза ауыз сумен қамтуды жоспарлап отыр. Бүгінге дейін өңірде 37 жылжымалы сорғыш станциясында құрылыс жұмыстарының жүргізілгенін айта кетейік. Тағы 20-ында осындай шаралар келесі жылы да атқарылмақшы. Ал жұмысы басталып, аяқталмай қалған 6 нысанға облыс әкімдігі бюджеттен қосымша 1,7 млрд теңге сұратыпты.  Бұл сома мына төменде көрсетілген елді-мекендерді ауыз сумен қамту үшін қажет екен:

— Умпенка ауданы, Равнополь ауылы – 41 140 мың теңге;

— Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылы – 335 533 мың теңге;

— Шербақты ауданы, Александровка ауылы – 589 304 мың теңге;

— Успенка ауданы, Қоңырөзек ауылы – 526 857 мың теңге;

— Тереңкөл ауданы, Жанабет ауылы – 207 509 мың теңге;

— Павлодар ауданы, Новоямышево ауылы – 206 748 мың теңге. 

Айта кетерлігі, қазынадан қаржы бөлініп, осы істер ойдағыдай іске асса, биыл орталықтандырылған сумен жабдықталған ауылдық аймақтардың деңгейі 29,6 %-ға артуы тиіс. 

Фото ғаламтордан алынған.

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.