Аралас жекпе-жек түрінен жеңіл салмақ дәрежесі бойынша UFC (АҚШ-та орналасқан спорт ұйымы) чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов Дағыстан басшысы Владимир Васильевтің көмекшісі болуы мүмкін. Мұндай ақпаратты «Эхо Кавказа» сайты таратты.

Спортшыға бұл өтінішті Васильевтің өзі жасаған. Нурмагомедов бұл ақпаратты растап, алдағы кездесуде талқыланатынын айтты.

Хабиб Нурмагомедов қазанның 7-сіне ирландиялық танымал спортшы Конор МакГрегорды жекпе-жекте жеңіп, UFC чемпионы атағын қорғап қалған.

Осыдан кейін Дағыстан басшысы Владимир Васильев «Дағыстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденімен, спортшының әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедовті «Дағыстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттаған.

.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.