Көшпенді халықтардың сусыны – қымыз жиіркенішті тағамдар музейінің экспозициясына еніпті. Бұл туралы Жас Алаш kaktakto.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша қазақтар ерекше жақсы көретін бие сүті жүз жыл сақталған Қытай жұмыртқасы мен тайланттық иістенген жеміс-жидектердің қатарына іліккен.

Бұндай музейді ашу идеясының авторы  америкалық Самюэль УЭСТ. 20 жыл бұрын Швецияға көшіп келген ол тіл үйреніп, қазір психолог болып еңбек етеді.

Экспонаттар арасында жарқанаттан жасалған салат бар. Көжектің бас сүйегінен жасалған тағамды да кезедсуге болады. Шведттің тіске басар ретінде борсып кеткен квашталған сельдь қойылған. Қысқасы, көрсең тәбетің қашып жүрек лоқсытатын астардың түр-түрін көруге болады. Әрине, одан дәм тататын адамдар табыла қоймас.

Музейді жасақтағандар неге қымызды ең жиіркенішті астардың қатарына қойғандарын түсіндірмейді.  

Фото: weproject.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.