Қызылорда облысы үшін ауыз су мәселесі көп жыл бойы ең күрделі тақырыптардың бірі болатын. Таза суға тарыққан халық оны тасып ішуге мәжбүр болды. Тіпті арнайы құрылғылардың көмегімен құдық суын пайдалан,ан тұрғындар да кездесті. Ай – күннің амандығында суды сатып алып отырған жандардың мәселесі бүгінде шешімін тауып келдеі. Соңғы жылдары сыр елін таза сумен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, көңіл толарлық жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Жас Алаштың өңірдегі тілшісіне «Арал Қазсушар» РМК -нің «Арал салынып жатқан кәсіпорынның бірлескен дирекциясы» Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ержан ҚУАНДЫҚОВ мәлімдеді.

«Биылғы жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы 9 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаржыға ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні облыс аумағында 260 елді мекен болатын болса, оның 199-ы таза су тұтынып отыр. Бұл ретте мемлекеттік «Ақбұлақ» және «Таза су» бағдарламаларының тигізген септігі зор болды. Қалған 40 елді – мекеннің статусы келешекте қайта жаңартылмақ. Биылғы жылы қосымша 15 елді мекенді ауыз сумен қамтамсыз етуді қолға алып жатырмыз. Алдағы уақытта ауқымды жобалар жүзеге асырылатын болады», — дейді Ержан ЕРАЛЫҰЛЫ.

Қызылорда облысы  көп жылдар бойы ауыз суды ашық су айдындарынан тұтынып келген болатын. Сапасы сың көтермейтін тіршілік  нәрі  бірнеше тазарту кезеңінен өтетін. 2016 жылдан бастап қызылордалықтар жер асты суын пайдалануға көшті. Табиға жолмен тазаратын судың сапасы да бүгінде әлдеқайда жақсарғанын байқау қиын емес. Бүгінгі күні Арал және Қазалы аудандарында ведомствалық зертханалар жұмыс жасауда. Яғни, тұрғындар тұтынатын судың құрамы үнемі сараптамадан өтіп отырады.

Сондай –ақ, ауыл тұрғындары ауыз судың қадірін өте жақсы біледі. Олар осыдан бірнеше жыл бұрын ғана уақытпен берілетін су аңдып, бос ыдыстарына толтырып алуға асығатын. Бүгінде мұндай проблема жоқтың қасы.

«Біздің ауылымызда су екі сағат сайын берілетін. Уақытқа қарап отыратынбыз. Ауылымызда жеке үйлерден бөлек, әлеуметтік нысандар бар. Әсіресе , соларға қиын. Қазір, бұл мәселе шешілгеніне қуаныштымыз. Өркениет игілігін көріп келе жатырмыз», — дейді Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылының тұрғыны Жұмакүл АЛИЕВА.

Ауыз су мәселесі Жаңақорған ауданында күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Бұл өңірге ауыз су құбыры мүлдем тартылмаған. Тұрғындардың басым көпшілігі құдықтың суын пайдалануға мәжбүр болса, енді біреулері су тасушы көліктерден тіршілік нәрін сатып алады.

«Қазіргі таңда Жаңақорған ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. 2017 жылы республикалық бюджеттен 4 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Яғни, Жаңақорған кенті 2019 жылы ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілетін болады. Мұнан бөлек алдағы уақтта ауданға қарасты ауылдарға да ауыз су құбырлары тартылатын болады. Қазір бұл мәселені басты назарға алып отырмыз. Құрылыс жұмыстарының сапалы жүруіне арнайы жауапты мамандар бекітілген», — дейді Ержан ҚУАНДЫҚОВ.

Мамандардың айтуынша, қызылордалықтар «Арал –Сарбұлақ» каналынан қыс мезгілінде 6 мың куб су пайдаланса, жазда оның көлемі үш есеге көбейеді екен. Бұл, ретте тұрғындардың су есептегіш құралдарын орнатулары маңызды рөл атқарады.

«Қазіргі күні облыс тұрғындарының 96 пайызы есептегіш құралдарын пайдаланып отыр. Ауыз суды мақсатсыз тұтынғандармен  күресті күшейтпекпіз. Таза сумен бау-бақшаны суаруға болмайды. Бұл жұмыстар өз нәтижесін көрсететін болады». – дейді Ержан Ералыұлы.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы халқының 96 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жаңдана бермек.

Фото автордікі.

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.