«Мир-Строй ЛТД» компаниясы Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2016 жылдың 30 наурызы күні  өткізген тендерлік байқаудан «Соколок-2» кенішіндегі 132 гектар жерді жеңіп алады. Бұл жер кен орны саналғандықтан өндірістік жобалар жүзеге асуы керек болатын. Құжаттарды реттеу кезінде жер иесінің басқа екені анықталды.

Тендерге салған жер біреудікі болып шықты

-Осыдан кейін байқау өткізген басқарма біздің жерімізді ешқандай негізсіз 88,7 гектарға дейін азайтып тастады. Бірақ, біз бұл учаскелерді игеруге 8 млн.теңге жұмсап та қойғанбыз, — дейді «Мир-Строй ЛТД» ЖШС басшысы Биғайша ҚАРАШЕВА. 

Аталған басқарманың бөлім бастығы Нұргүл ҚАЛИЕВА мәселенің мән-жайын сұраған облыстық кәсіпкерлер палатасына олар тиесілі орындарға сауал жолдағанын, бірақ, жердің ешқандай шектеуге тұрмағасын білгесін тендерге салғанын айтқан болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» филиалының өкілі Берік САТЫБАЛДИЕВ бұл уәжбен келіспейді.

-Бізге 2016 жылы сауал хат келіп түсті, сол кезде-ақ, «Соколок-2»-нің «шикілігі» бар екенін, жалпы, оны пайдалану мақсатын өзгерту қажеттігін жазғанбыз. Екінші рет сауал хат келгенде өзгертілген конфигурацияның (мақсатының) жарамайтыны, себебі, санитарлық қорғаныш аймағына жататынын және басқа жер иеленушілердің учаскесіне «түсіп» кететінін айтып, жауап бердік, — дейді Берік Сатыбалдиев.

Қазір «Мир-Строй ЛТД» ЖШС-ының мәселесін шешумен Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы айналысуда. Белгілі болғаны, кәсіпкерге көздеген қызметімен айналысуға мүмкіндік беретін басқа жер аумағы қарастырып жатыр екен. Палата заңгерлері оның шығынын есептеп, қайтарып беру жөнінде арыз-шағым дайындаған.

Фотолар автордікі.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.