Ақтөбе облысы,Шалқар қаласында №2 мектептің 4-сынып оқушысы трансформаторға түсіп, күйіп қалды. Дәрігерлер баланың  қолына ота жасап, иықтан төмен қарай кесіп тастады. Облыс орталығына Шалқар ауданынан  санитарлық авиациямен жеткізілген оқушының жағдайын дәрігерлер ауыр деп отыр.

Шалқарда трансформаторға түскен оқушы қолынан айрылды
Оқушы түскен трансформатор

Дамир қазір Ақтөбе облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың анасы болған жағдайға мектеп жанындағы электр трансформатырын ашық-шашық күйінде қалдырған мекемені кінәлап отыр.

Шалқарда трансформаторға түскен оқушы қолынан айрылды

«Мектептің де кінәсы бар, күзетшілер неге ауласындағы қауіпті жерлерді қарамайды. Оның үстіне сол күні мұғалімдер күні болған соң сабақ 35 минуттан болып, оқушыларды үйіне ерте жіберген. Электр желісіне жауап беретін мекеме неге ашық-шашық қалдырады трансформаторды? 10 мың Вт-тық қуат деген адамды пісіріп жібереді ғой?! Қазір тек баламның амандығын тілеп отырмын!»- дейді  Гүлмира ФАТКУЛИНА.

Фотолар: kp.kz және автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.