Тәжікстанның Худжанд қаласында орналасқан қатаң режимдегі түрмеде шыққан сотталушылар бүлігін басу кезінде бірнеше адам қаза тапқан. Кейбір басылымдар «13 адамның мерт болған» деп жазады.  

Түрмегі бүлік қарашаның 8-іне қараған түнде басталған. Шудың неден шыққаны әзірге белгісіз.

Азаттықтың тәжік қызметіне сұхбат берген атының құпия қалғанын қалаған дереккөз абақтыға арнаулы милиция жасағы кіргізілгенін айтты. «Бүлік шығарғандардың қолында суық қару болған. Қазір оқиғаның неден басталғаны анықталып жатыр» дейді ол.

Бүлікті басу кезінде бірнеше адам қаза тапқан.

«Қаза тапқандар мен жапа шеккендер саны әлі нақты емес. Менде бар ақпарат бойынша, түрмеден қашып шықпақ болған бірнеше адам жарақаттанған. Кейбір сотталғандар абақты аумағынан шығып үлгерген» дейді ол.

Худжанд қалалық жазасын өтеу мекемелері басқармасы «22.30-23.00 арасында атылған оқ даусы естілгені» туралы ақпаратты растамады. Бірақ түрмеде дабыл қабылған айтты. Куәгерлердің сөзінше, қала жолдарында, Өзбекстан мен Қырғызстан бастайтын трассаларда күзет күшейген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.