АҚШ президенті Дональд Трамп 2014 жылы Қырымның аннексиялап алынуына бұрынғы демократ президент Барак Обаманы кінәлады.       

Дональд Трамп бұл туралы аралық сайлау қорытындысы бойынша қарашаның 7-сінде Ақ үйде баспасөз мәслихатын өткізіп жатып айтты. Ресеймен қарым-қатынасы жайлы сұрақтарға жауап берген Трамп Хельсинкиде Владимир Путинмен өткен кездесуі жайлы айтты.  

«Путинмен кездесуіміз тамаша өтті. Сирия жайлы, қауіпсіздік жайлы, Украина жайлы әңгімелестік» деген Трампқа журналистердің бірі «Путин Қырымды аннексиялап алды ғой?» деді. Трамп «Ол уақытта президент Обаманың режимі еді. Обаманың кезінде болды ғой. Бұған жол берген – сол» деп қайтара жауап берді.

АҚШ пен Батыс елдері 2017 жылдың наурызында Қырымды аннексиялап алған Кремльді сөгіп, содан бері санкция салып келеді. Ресей мұны «тарихи әділдік орнату» деп атайды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.