Қарағанды облысында биыл «Нұрлы жол» 1200 автожол жөндеуден өтті. Оған бюджеттен 45 млрд. теңге жұмсалды. Бұл туралы Жас Алаш сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

9-қазан күні өткен Қарағанды облысы аппарат жиынында Ерлан ҚОШАНОВ жол жөндеу көрсеткіші 20 пайызға артқанын айтты. 1200 шақырымның 800-і облыстық, аудандық дәрежедегі жолдар.

«Нұрлы жол бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзарған соң 2019 жылы атқарылатын жұмыстардың көлемін көбейтеміз.Осы салаға қаражатты тиімді жұмсау үшін техникалық сараптамалар жүруі тиіс. Бұнымен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен қала және аудан әкімдері айналысады. Үйлестіру жағын орынбасарым Асылбек ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫНА тапсырамын»,- деді облыс басшысы.

2018 жылдың соңына дейін облыста ауылды жерлердегі 90 шақырымдық су жүйесі жаңартылады. Бұл 200 мың облыс тұрғынының өмірін жеңілдетеді. Бұл саладағы жұмысты жалғастыру үшін министрлік 2019-2021 жылдарға 14 жобаны жоспарлап отыр. Оған 5,4 млрд. теңге қарастырылған. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов коммуналды шаруашылық басқармасы мен қала, аудан әкімдеріне қиырдағы елді мекендердегі ауыз су проблемаларын толыққанды сараптап, қосымша жобаларды жоспарлауда үкіметпен бірлесуді бұйырды.

Фото: 24.kz

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.