Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде сұмдық жағдай орын алды. 26 жастағы азамат өзінің сүйіктісін өлтірген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктінің жанында басы жоқ мәйітті тапқан. Кейін 21 жастағы марқұмның басы дарияның жағасынан табылған.

10 қазан күні сағат 21:07 шамасныда 102 ге Нұрбай ӨМІРТАЕВ есімді азаматтан қоңырау түседі. Ол Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Есенов көшесінің аяғындағы дамба бойында Нексия автокөлігінің тұрғанын хабарлайды. Машина ішінде дене жарақатын алған жігіт пен қыздың ес-түссіз жатқанын да жеткізеді.

Полиция  көліктің 709 BWA 11 мемлекеттік нөмірі арқылы жүргізушінің 1992 жылы дүниеге келген Шыңғыс БЕКЕНОВ есімді азамат екені анықталды. Марқұмның аты-жөні 1997 жылғы Назерке БЕКЖАНОВА.

Жігіт сол жақ білегі мен ішінен пышақ жарақатын алған. Қазір ол Қызылорда қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Отадан кейінгі науқастың жағдайы бірқалыпты.Оның бұл қылмысқа қатыса бар жоқтығы анықталып жатыр.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 2 тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.  Күдікті ұсталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу құпиялығына байланысты қосымша мәліметтер хабарланбайды», — деп ақпарат таратты Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: gorodvo.ru

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.