Шымкент қаласы және Түркістан облысының прокуратурасы «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр қуаты тарифін негізсіз көтергенін анықтаған. Бұл туралы Азаттыққа облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше, компания «2015-2017 жылдары Шымкент қаласы мен Түркістан облысында электр энергиясы тарифін негізсіз көтерген». 

Ресми мәлімдемеде «компания жұмысшылардың медициналық байқаудан өту қызметі» деп тарифтік сметаға 6,8 миллион теңге негізсіз қосу арқылы электр қуаты тарифін өсірген» деп жазылған. Прокуратура  «Оңтүстік Жарық Транзит» мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында заң талаптарын сақтамай, 13,3 миллион теңге мөлшерінде міндетті салықты есепке енгізбеген» деп хабарлады.

«Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 22,6 миллион теңге компенсациялық тариф енгізілген. 

Компания әкімшілік құқұқ бұзушылық туралы кодекстің 164-бабы (табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген міндеттерді орындамау)  негізінде жауапкершілікке тартылып — 2 миллион теңге, 278-бабы (салықты кемітіп көрсету) бойынша 6 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелген. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.