«Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай
«Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық концерт

2017 жылдың 22 қарашасы күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық концерт ұйымдастырады.

Дәстүрлі музыкалық концерттің мақсаты – азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалған композиторлардың тағдырлы шығармалары мен тәуелсіздік, ұлт тағдыры турасындағы халықтық ән-күйлерді ел назарына ұсыну. Сонымен қатар атауы шарада жас толқынға өз тарихын танытып, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру ісі басты мақсаттың бірі болмақ.

Концертке Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева, Талғат Мұқышев, Амангелді Күзеубай және тағы басқа белгілі өнер иелері қатысады деп күтілуде.

Қосымша ақпарат: Атаулы концерт аясында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Алаш Орданың» 100 жылдығына арналған қолөнер көрмесі ұйымдастырылады.

 

Серіктестер:

«Алель агро» АҚ
Халықаралық «Көшпенділер Атамұрасы» қоғамдық қоры
Селезнев ат. Алматы хореография училищесі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық әні кафедрасы, «Ел-Шежіре» қайырымдылық қоры
Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы
Ұлы дала көшпенділері» мәдени-тарихи журналы
«Qazaq-oner» шеберлер орталығы

Өтетін орын: Алматы қаласы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры.
Өтетін күні: 22 қараша, 2017 жылы

Басталуы:  сағат 18:30.
Байланыс: +77022702102, +77072702102
Электронды мекен-жай: adyrna@bk.ru