АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының маңындағы барда болған атыстан кем дегенде 13 адам мерт болып, 12 адам жарақаттанған. Бұл туралы әлемдік ақпарат агенттіктері хабарлады. Қаза тапқандардың арасында барға шабуыл жасаған ер адам да бар.

Оқиға 7 қарашада Таузенд-Окс қаласындағы Borderline Bar & Grill барында болған.  Los Angeles Times газетінің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам барға тұншықтыратын газ баллон лақтырып, кейін 30 рет оқып атқан. 

Оқиғаға қатысты ФБР тексеру жүргізіп жатыр. Оқ атқан адамның есімі жарияланған жоқ. 

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.