Бұл ақпаратты полицейлер таратып отыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл басынан бері орын алған сол апаттардың кесірінен 880 азамат жарақат алып, 55 адам көз жұмған. Зардап шеккендердің ішінде балалар да жоқ емес.

Ең алдымен жол этикасын сақтау, жолдағы сыпайылыққа үйрену қажет. Ал әркім оны өзінен бастау керек. Жылдамдық режимін сақтауды, қауіпсіздік белбеуін  тағуды, баланы арнайы ұстайтын құрылғыға отырғызуды. Өзімізден бастай отырып, біз ортақ қауіпсіздігімізге қадам жасаймыз,-дейді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мамандары.

Айта кетерлігі, биыл шаһар сыртындағы автожолдар күрделі жөндеуден өткен. Жол сақшыларының айтуынша, жүргізушілер трассада жылдамдықты шектен асырып, тіпті қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді екен. Алыс жолға аттанғандардың арасында рөлге мас күйінде отырған азаматтар да тіркеліпті. Салдарынан апатқа ұшырап, арты өкінішті аяқталған.

-«Жол қателікті кешірмейді!» деген сөз бар. Ескертуіміз қажет, сізден басқа автомобильде сізге өз өмірін толығымен сеніп тапсырған жақын туыстарыңыз және  достарыңыз болуы мүмкін. Ал рөлге мас күйінде  отырған жүргізуші  — барлығына жоғары қауіп көзі. Егір сіз өз өміріңізді қадірлемесеңіз, онда өзгелерді ойлаңыз. Адамдар сіздің зиянды әдеттеріңіз бен әлсіздіктеріңізге кінәлі емес, -дейді Павлолар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мамандары.

26-шы қазан күні кешкі уақытта облыс орталығындағы Катаев-Ломов көшелерінің қиылысында жеңіл көлік оқушыны қағып кеткен болатын. Соққыдан 12 жастағы ер баланың миы шайқалып, сан сүйегі сынған. Жолды жаяу жүргіншілер жолағымен кесіп өтпек болған жеткіншекті «BMW» маркалы көлік қағып кеткен еді. Ал оны тізгіндеген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін қолға түскен 27 жастағы азамат кінәсін толық мойындады.

Павлодарда авариядан 55 адам көз жұмған  

Ұлымның жағдайы жақсарып келеді. Дегенмен, миы шайқалып, сан сүйегі сынды. Облыстық балалар ауруханасында әлі де ем-дом қабылдауда. 12-ші қараша күні дәрігерлер кезекті рентгенге түсіреді. Сол кезде аяғына ота жасалар-жасалмасы анықталады, -дейді оқушының анасы Светлана ШАФИКОВА.

Осылай деген ата-ананың айтуынша, сол маңда болған куәгерлер баланың жолды бағдаршамның жасыл түсі жанғанда кесіп өтіп бара жатқанын жеткізген. Ал оқиға орнынан ізін суытқан 27 жастағы азаматқа «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзу» бабы бойынша айып тағылып, ол уақытша қамау изоляторына тоғытылған еді. Бір қызығы, қазір қашқын жүргізушіден ешқайда кетпеуі туралы қолхат алынып, ол бостандыққа жіберілген.

Фото: sport-express

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.