Ақтөбе қалалық сотында өртенген автобуста қаза болғандар ісі бойынша сотталушыларға үкім оқылды.

Қаңтарда Шымкенттен Самараға бара жатқан автобус өртеніп, 52 адам қаза тапқан. Бұл іс бойынша автобус жүргізушілері — Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков пен Барат Таңатов, «Азия транзит сервис» компаниясының құрылтайшысы Нұрлыбек Тілепбаев, механик Бахадүр Пердебаев сотқа тартылған.

Сот олардың әрқайсын 3-5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 

Жүргізушілер – Қырғызбаев, Таңатов, Пернебеков – әрқайсысы бес жыл бас бостандығынан айырылып, жеті жыл көлік құралын басқару кұқығы шектелді.  

Автобусты жалға алған компания құрылтайшысы Тілепбаев пен механик Пердебаев әрқайсы 3,6 жыл бас бостандығынан айырылып, көлік құралы қызметімен айналысу құқығы бес жылға шектелді.

Бұдан бөлек судья жәбірленушілердің әрқайсына сотталғандардан ортақ 2 миллион теңге өндіріп беруді үкім етті.

Олар қаладан кетпеу жайлы қолхатпен бостандықта жүрген. Судья үкім оқыған іс болғандар сот залында қамауға алынды.  

Биыл қаңтардың 18-і күні таңертең Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықта Шымкент — Самара жолында жолаушылар автобусы өртенген. Билік орындарының хабарлауынша, автобуста барлығы 57 адам болған, олардың 52-сі қазаға ұшыраған. Құрбан болғандардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.​ 

Сотқа тартылған бес адамның ешбірі өздеріне тағылған айыпты мойындамаған. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.