Австрия әскерінің отставкадағы полковнигі Ресей тыңшысы болды деген күдікпен ұсталды. Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Михаэль Бауэрдің хабарлауынша, әскери барлау қызметі жансызды арнайы қызметтің көмегімен анықтаған. Аты аталмаған отставкадағы офицердің үстінен іс қозғалды.    

Kronen Zeitung газеті бұған дейін 70 жастағы австриялық отставкадағы полковниктің «1990 жылдары Ресей әскери барлау қызметіне миграциялық дағдарыс, Австрияның әскери авиациясы мен артиллерия жүйесі жайлы ақпарат жіберіп отырғанын» жазған.

Басылым дерегінше, бұл қызметі үшін ол 300 мың еуро алған. Газет «жансыз өз қызметі кәсіби түрде атқарған» деп жазады. Австрия армиясының штабындағы елеусіз қызметке орналасқан ол әр екі апта сайын өзінің ресейлік кураторы «Юрийден» тапсырма алып отырған. Тыңшы анықтаған деректерін шифрленген хат я спутниктік байланыс арқылы жіберіп отырған.  

Австрия канцлері Себастьян Курц пен қорғаныс министрі Марио Кунасек осы жөнінде қарашаның 9-ында арнаулы сөз сөйледі. Үкімет басшысы Ресей арнайы қызметінің әрекетін сөгіп, «тыңшылыққа жол беруге болмайды» деді.

Бұдан бөлек, Курц «тыңшыға қатысты даудан соң Австрия сыртқы істер министрі Карин Кнайсль желтоқсанда Ресейге сапарлап бармайтын болды» деп хабарлады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.