Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресей президенті Владимир Путинді «екі ел арасындағы одақтастықты дамыту және стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін» І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттау туралы жарлық шығарды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атамбаев  бұған қоса Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті «ежелгі достық пен көршілер татулығын нығайтудағы және стратегиялық әріптестік орнатудағы ерен еңбегі үшін» «Дәнекер» орденімен марапаттау туралы жарлық шығарған.

Сонымен қатар совет заманында құрылған өзбекстандық «Ялла» ансамблінің жетекшісі Фаррух Закиров «Достук» орденімен марапатталған.

Атамбаев осы айдың соңында президент қызметінен кетеді. 24 қарашада Қырғызстанның жаңа сайланған президенті, Атамбаевтің серігі саналатын Сооронбай Жээнбековті ұлықтау салтанаты өтеді.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.