Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» А-10 автожолының 118-123-ші учаскесінде «Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүзеге асыру» тақырыбында бірлескен Қазақстан-Ресей оқу-жаттығулары өтіп жатыр.

Іс-шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Автомобиль жолдары комитеті, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Росавтодор» Федералды жол агенттігі, «Казахавтодор» ЖШС, ҚР ІІМ ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің, ШҚО ІІД мен Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс істері жөніндегі министрліктің Алтай өлкесі бойынша табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі Бас басқармасының, «Алтайуправтодор» федералдық мемлекеттік мекемесі мен тағы басқа да осы салаға қатысты мекемелердің өкілдері қатысып, ұсыныстарын ортаға салды.

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекараның жалпы ұзақтығы 7,5 мың шақырым. Бүгінгі таңда шекарада 30 шекаралық бекет бар. Оның 19-ы республикалық, 11-і жергілікті жолдарда. Республикалық маңызы бар автожолдарда 2-ден 8 жолақтыға дейін ауысатын 5 бақылау-өткізу бекеті күрделі жөндеуден өтті. 4 өткізу бекетінде жұмыстар жүріп жатыр. Қалған 10 өткізу бекетінің жобалық-сметалық құжатамасы әзірленеді. Бұл жобалар 2018-2019 жылдары іске асырылады»,-деді ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев.

««Қазахавтодор» ЖШС республикалық маңызы бар 23 928 шақырым автожолдың 21 847 шақырымына қызмет көрсетеді. Қалған жол желілері қайта қалпына келтіріліп (1 601 км), 269 шақырым жол күрделі жөндеуден өтетін болады. Өткен жылдың талдауы негізінде 23,8 мың шақырым жолдың 3,4 мың шақырымы қар қалың түсетін учаске ретінде белгіленді. Ол жерге арнайы жол техникасы бекітілген. Барлық автожол желілерінде 139 жылыту бекеті бар. Республикалық маңызы бар автожолдардың бойында қар тоқтату үшін тұрақты 37,800 қалқа,  30 500 уақытша қардан қорғау қалқалары орнатылды»,-деді “Казахавтодор” ЖШС бас директорының орынбасары Бауыржан Серікбаев.

Запись Қазақстан мен Ресей жолдардағы төтенше жағдайды жою үшін бірлесіп жұмыс істейді впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.