АҚШ Сирияда шағын құрамдағы америкалық контингентті қалдыру жолдарын қарастырып жатыр деп хабарлады президент Дональд Трамп әкімшілігіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған Washington Post газеті. Сириядағы АҚШ әскері елдің солтүстігіндегі Сирия демократиялық күштері, түрлі күрд және араб топтарының коалициясы бақылайтын территорияда орналасқан.

Америкалық контингенттің мақсаты — одақтастарға аймақты «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының содырларынан тазартуға көмектесу және жергілікті билік органдары басқаратын аймақтағы тұрақтылыққа кепілдік беру. Бұған дейін АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис америкалық әскерилер Башар Асад үкіметі мен Сирия оппозициясы арасында дағдарысты саяси жолмен реттеу туралы келісім жасалмайынша Сириядан кетпейтінін мәлімдеген. Газеттің сарапшыларға сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ сонымен қатар Сирияда Иран ықпалының артуына қарсы тұруды да көздеп отыр.

Қазір Сирияда ресми 503 америкалық әскери қызметкер бар. Олар Сирия демократиялық күштерін дайындайды және қолдау көрсетеді. Сонымен қатар Сирияда бірнеше жүз америкалық арнайы мақсаттағы бөлім сарбаздары мен артиллериялық топ және әскери диспетчерлер бар.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.