Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов шетелдік инвесторлармен бірлесе жұмыс атқарудың арқасында өңірге қаншалықты инвестицияның келіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инвесторлармен жұмыс жүргізу біздің облысқа инвестиция тарту деңгейін сақтап отыр. Өңірге жылына 1 миллиард доллар инвестиция тартылады. Біз экономиканың тұрақты дамуында шағын және орта бизнестің маңызы зор екенін білеміз. Облыстағы экономикалық белсенді топтың үштен бірі осы сегментте еңбек етеді. Кәсіпкерлердің саны артып, аталған саладағы өнімділік мөлшері 20 пайызға артты. Тек «Бизнестің жол картасы» арқылы ғана өңір аумағында 24 млрд теңгенің 18 жобасы қолдау тапты. 800-ге жуық жаңа жұмыс орыны ашылды», — дейді облыс әкімі.

Қарағанды облысының әкімі сонымен бірге өткен жазда чехиялық және словакиялық инвесторлардың қатысуымен Саран қаласында 100 МВт күн электростансасының құрылысы басталғанын еске салды.

«Бұл электростансаның құны — 55 млрд теңге. Бұған қоса біз құны 64 млрд теңгелік («Алайғыр» ЖШС) қорғасын концентратын өндіретін тау-кен комбинатының құрылысын бастадық. Трансұлттық бельгиялық Karmius Group компанияның қатысуымен біз жоғары сапалы әктас өндіруді қолға алдық», — дейді аймақ басшысы.

Ерлан Қошанов, сонымен бірге, инвестициялық климатты жақсарту бағытында инвестициялық стратегия құру туралы жұмысты жеткізді.

«Біздің облыста жобалық жолсерік жобасы тәжірибеге ене бастады. Демек, біздің мамандар инвесторды жобалау сатысынан келіссөзге дейінгі аралықта қолдау көрсете алады. Бұған қоса біз сұраныс пен нарықты, шикізат базасын әбден зерттеп алдық. Біз құны 1 трлн теңгелік 80 жобаны дайындадық. Осы жобаларды қазіргі уақытта әлеуетті инвесторларға ұсынып жатырмыз», — дейді Ерлан Қошанов.

 

Запись Қарағанды облысы жылда шетел инвесторларынан 1 млрд доллар инвестиция алады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.