Жақында ғана әлеуметтік желілерде «Петропавл қаласының атауы өзгереді екен» ақпарат тараған болатын. Бұл жақсы хабарды естіген жұрт бір-бірінен сүйінші сұрай бастаған. Бірақ бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар АҚСАҚАЛОВ жоққа шығарды.

– Петропавл атауы өзгермейді, – деп кесіп айтты Құмар Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. – Бұл ақпаратты мен де естідім. Бірақ бұл бағытта ешқандай жұмыс атқарылған жоқ. Менің ойымша Петропавл атауын өзгерту әлі ерте.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.