Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваны «Ел қорғаны» медалімен марапаттады.

Қорғаныс министрлігінің басшысы Дариға Назарбаеваға елдің қорғаныс қабілетіне қолдау білдіріп, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсенді үлес қосқаны үшін алғыс айтты.

«Жоғары сенім білдіргендеріңіз үшін рахмет.  Шын жүрегіммен жас жауынгерлерімізді қолдаймын. Әскери-патриоттық қозғалыстың еліміз үшін аса маңызды деп есептеймін. Себебі рухани тәрбие мен Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру арқылы жас балалардың тұтас буыны өсіп келеді. Олар өмірдің түрлі салаларында өз орындарын табады. Біреуі кәсіби әскери, біреуі — генерал, енді бірі — жоғары бас қолбасшы болатын шығар. Неге болмасқа? Бұл жол бәріне ашық», — деді депутат әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіруге арналған ведомствоаралық кездесуде.

Д.Назарбаева дәл қазіргі уақытта жастарда  Отанға деген сүйіспеншілік туралы негізгі түсініктің қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Кездесуге келген оқушыларға депутат мықты әрі шымыр болуды тіледі және қай жерде жүрсе де, елге қалтқысыз қызмет етуге шақырды.

Еске сала кетсек, Қорғаныс министрлігінің үздік әскери қызметшілеріне берілетін «Ел қорғаны» ведомстволық медалі биылғы наурыз айында тағайындалған.

 

Запись Дариға Назарбаева медальмен марапатталды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.