Қылмыскерден зардап шеккен жәбірленушіге өтемақы өндіру жайы  биылдан бастап қана қолға алына бастапты. Яғни, осы жылдың шілде айынан бастап, қылмыскерден келтірген залалды мәжбүрлеп өндіру тәртібін реттейтін «Жәбірленушілерге өтемақы төлеу Қоры туралы» Заңының талаптары  қолданысқа енгізілді.

Бұл қор жәбірленушілерге дереу қажетті материалдық көмек көрсету мақсатында құрылған болатын.Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының соттары 289 сотталған тұлғадан 7,5 млн. астам теңге өндіргені белгілі болып отыр.Мәжбүрлі төлемдер өндірілмеген 33 тұлғаға қатысты үкімдер сәйкестендірілді. Нәтижесінде Қорға қосымша 600 мың теңге түсті.

«Өтемақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты, яғни, мөлшері 5 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін құрайды. Заң бойынша қаражатты екі жыл жинақтау мерзімі қарастырылады. Өтемақы 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап төленетін болады. Қаражат біржолғы төлем түрінде 30-дан 50 АЕК-ке дейін жәбірленушіге қатысты жасалған құқық бұзушылық әрекеттеріне сай төленеді»,- деп хабарлайды ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Аталмыш өтемақыны кәмелеттік жасқа толмаған сексуалды зорлық-зомбылық құрбандары, саудаланған немесе азапталған тұлғалар және қылмыс нәтижесінде денсаулығына ауыр зардап келтірілген, сондай-ақ, АИТ жұқтырған  жәбірленушілер немесе ол қаза болған жағдайда оның заңды өкілі  ала алады.

Фото: tengrinews.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.