Сенсеңіз, дәл осындай мемлекеттік құрылымдарды оңтайландыру жобасы Алматы облысында дап-дайын тұр. Тіпті, аталған мақсат аясында облыстық басқармалар саны 25-тен 22-ге азаймақ.

Айталық, аталған жоба туралы жуырда Астанада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай НҰРҒИСАЕВТЫҢ өзі мәлімдеме жасаған еді. Сонымен бірге, онда ол өңірдегі  басшылар мен орындаушылардың арасында  теңгерімсіздік бар екенін де атап өткен болатын.

Нақтылап өтсек, оңтайландыру аясында аудандық бөлімдер саны 301-ден 200-ге дейін қысқарса,  өңір бойынша басшы лауазымдардың саны 1348-ден 947-ге азаяды делінген.  

Осы ретте, Астанада қозғалған ресми әңгіменің пысықталмай қалған тұсы мен жетпей қалған жекелеген «жаңалығына» қанығу үшін облыстық департамент басшысы Серікбай Нұрғисаевпен тілдескен едік. Қысқа қайырым сұхбат қаз-қалпында беріліп отыр.

Журналист: – Астанада жасаған мәлімдемеңізде Алматы облысындағы басқармалардың біразы қысқаратыны туралы айтыпсыз?

Департамент басшысы: – Біз қысқарады деп ұсыныс бергізіп, соны қарап отырмыз ғой. Бүгін үшінші күн. Акимат шығару керек. Солармен жұмыс істеп отырмыз ғой.

Журналист: Толыққанды пікіріңіз керек енді…

Департамент басшысы: – Мен бұл мәселені Астанада эфирде бердім.

Журналист: – Сонда сіздің айтуыңызша, ол басқармалардың әзірге аты белгісіз болғанымен, 25-тен 22-ге дейін қысқаратыны рас қой?

Департамент басшысы: – Иә.

Журналист: – Нақтырақ айтқанда, бұл басқармалардың қысқаруы қандай қажеттіліктен туып отыр?

Департамент басшысы: – Басқармалардың қысқару қажеттілігі мынадай. Біз қазір дамыған 30 елдің ішіне кіреміз деп отырмыз. Ал олардың  жүйесінде 7 адамға бір бастық. Ал бізде екі адамға бір бастық. Ал қазіргі біздің алдымызға қойған мақсатымыз – бес адамға бір бастық болуы керек деп отырмыз. Бұл тек облыстық деңгейде емес. Өңірдің барлық аймақ-ауылдық жерлерін қамтиды. Өз кезегінде бұл қағазбастылықтан құтылуға да өз септігін тигізеді.

Журналист: – Қысқарған адамдар жағдайы не болады?

Департамент басшысы: – «Қанша адам?», «Қандай адам қысқарады?»,  «Олардың алдағы экономикалық жағдайы не болады?» деген секілді, солардың барлығын есептеп отырмыз. Қағида бойынша нақты-нақты қаралуда. Мысалы, төмендеген адамдар, бөлім бастығы болып тұрып бас маман болып қалса, бұл қысқаруға жатпайды. Яғни, біздің алға қойған мақсатымыз қысқарту емес, басшылардың санын азайту.

Фото: sputnik.kg

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.