Балаңыздың қаржылық сауаттылығын арттыруды қалайсыз ба? Отбасы мүшелерінің күнделікті қайда және қанша ақша жұмсағанынан хабардар болғыңыз келе ме? Бұл сұрақтарға 7kun.kz жауап береді.  

Ақшаны қалай жинау керек

Егер сіз автокөлік немесе үй сатып алуды жоспарласаңыз, онда ақшаны қолма-қол жинамағаныңыз жөн. Ең дұрысы: банктен «Отбасылық» шот ашу. Банкте сақталған қаржының көбею ықтималдығы өте көп. Себебі көптеген банктерде сіз салған ақшаның бірнеше пайызы банк есебінен көбейіп отырады. Сонымен қоса, достарыңызбен бірлесе кеш ұйымдастырсаңыз қажет қаржыны банктегі шот арқылы жинап алсаңыз болады.

Отбасы қаржысын тиімді жұмсаудың жолдары
Фото: сarpress.ru

Баланың қаржылай сауатын қалай ашу керек

«Отбасылық» шоттың балаларға арналған картасы бар. Оның күніне жұмсайтын ақшасына да шектеу қоя аласыз. Бала мобильді қосымшадан үй тұрмысының шығыстарын көріп отырады. Отбасындағы қаржы қоры мен шығындарды көріп өскен бала болашақта ақшамен қалай жұмыс істеу керегін білетін болады.

Отбасы қаржысын тиімді жұмсаудың жолдары
Фото: ecotonkosti.ru

Отбасының шығыстарын қалай реттеуге болады

Банктегі «Отбасылық» шотты 4 адамға дейін пайдалана алады. Отбасы мүшесі немесе досыңыз сол банктің тұтынушысы болмаса да, мобильді қосымшада карта рәсімдеп, тапсырыс бере аласыз. «Отбасылық» шотқа өзіңіздің жеке шоттан комиссиясыз ақша аударуға мүмкіндік бар. Шотта тіркелген кез келген адам ондағы қаржының теңгерімін бақылай алады. Егер отбасыңыздың бір мүшесіне сыйлық жасағыңыз келсе, тосынсый үшін барлық мүмкіндік жасалған. Мысалы, оған төлем туралы  СМС-хабарлама бармайтындай етіп жасауыңызға болады. Отбасының тұрақты шығындары – ай сайынғы міндетті төлемдер: коммуналды қызметтер, айыппұлдар, салықтар т.б. Оларға мобильді қосымша арқылы автотөлем орындап қойсаңыз болады. Телефон, wifi сияқты төлемдердің уақыты келгенде автоматты түрде төленеді. Ұмытып кетпес үшін мобильді қосымшада тізім жасап қойғаныңыз жөн.

Отбасы қаржысын тиімді жұмсаудың жолдары
Фото: MoneyPapa

Қаржыңыздың қайда кеткенін біліп жүріңіз

Айдың соңында ақшаңызды қайда жұмсағаныңызды ұмытып қаласыз ба? Отбасылық шотыңыздың мобильді қосымшасында сіздің қай ақшаны қайда жұмсағаныңызды біле аласыз. Мысалы, «Альфа-Мобайлде» өткен ай мен осы айдың шығыстарын салыстыруға болады. Бұл отбасыдағы қаржымен болатын ұрыстарды азайтады. Себебі, кімнің қайда және қанша ақша жұмсағанын мобильді қосымша арқылы экраннан көріп отырасыз.

Ата-анаңыздың қаржысынан хабардар болыңыз

Ата-анаңыздың жағдайына алаңдайсыз ба? Оларға қаржылай көмектескіңіз келгенімен олар қарсыласып, сізден ақша алғысы келмейді. Көбіне отбасылы адамдардың ата-аналары баласынан қаржылай көмек сұрауға ұялады. Бұл мәселені де «Отбасылық» шот шешеді. Шоттың мобильді қосымшасынан ата-анаңызда сол сәтте қанша ақша барын, олардың қаржысын қайда жұмағанын біліп жүресіз. Шотты кез келген уақытта, оңай толтыруыңызға мол мүмкіндік бар.

Мейірім Бақытжанова

Запись Отбасы қаржысын тиімді жұмсаудың жолдары впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.