Бүгін кезінде мемлекет басшысы еңбек еткен Теміртау қаласында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты шара өтті.Қашан да президентке 90-нан аса пайыз дауыс беретін халықтың сүйіспеншілігі белгілі. Алайда, қарағандылық шененуніктердің құрметіне күдігіміз бар. Олай дейтініміз Теміртаудағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының күрделі жөндеу жұмысы Тұңғыш Президент мерекесі күні толықтай аяқталмады.

Қазір Қазақстанда қандай да бір нысанның сапасыз салынуы қалыпты жағдайға айналып кеткен. Мәселен 2012 жылы Қарағанды қаласындағы Бесобада 2009 жылы салынған жаңа көп қабатты тұрғын үйдің құлағаны әлі ел есінде. Бізде Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы да қалай болса солай салынады екен. 2011 жылы Теміртауда Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ құрметіне ашылған орталыққа 7-жылдан кейін қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келген.

Қазақстанда президент орталығы да сапасыз салынады екен

«Бұл нысанды «Темірзат» мердігер компаниясы салды. 2011 жылдың 22-қарашасында ашылып, оған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі қатысты. 2012 жылдан бастап президент күні аталынатын болды. Биыл міне жетінші мәрте тойлап жатырмыз. Сол жылы көп нәрсе сапасыз жасалды. Бір жері анадай, бір жері мынадай дегендей. Кейбір кабинеттерден су ақты. Даладағы тіреуіштерге дейін болмаған. Оны салдық» -дейді орталықтың экскурсия жетекшісі Құрманшәді ОРАЗЫМБЕТОВ Жас Алаш тілшісіне берген сұхбатта.

Өз жұмысына салғырт қараған құрлыс компаниясының жауапқа тартылғаны жөнінде бізде ақпарат жоқ. Орталық басшысы Саида САРҒЫЗОВАДАН сұрағанымызда «Мен ол жылдары болған жоқпын, бертінде ғана тағайындалдым» деген жауап алдық.

Бір білетініміз президент орталығының күрделі жұмысына аз ақша жұмсалған жоқ.

2018 жылдың 25 мамырында Мәдениет мұрағат және құжаттама басқармасы арнайы бағдарлама бойынша байқау жариялаған. Онда күрделі жөндеу құны 270 млн 154 тың теңге қойылған. Байқаудың қорытындысы бойынша, Астананың «Стройальянс » ЖШС мердігері 55 млн 114 мың теңгеге түсіріп, ақыры 215 млн 040 мың теңгеге келісім шарт жасасқан.  Ал, жөнеудің техникалық бақылауын қадағалау үшін 1 млн 180 мың теңге ақысына  «Исаев Л.Т.» ЖШС келіскен. Сонымен қатар, авторлық бақылауға да 428,3 мың теңге «Строй — Аст» ЖШС-на төленген.

Қазақстанда президент орталығы да сапасыз салынады екен

«Стройальянс» компаниясы келісім шарт бойынша 2018 жылдың 30-қарашасында барлық жұмыстарын аяқтауы тиіс еді. Дәл сол күні Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Теміртауға ат басын тіреді. Орталыққа Астанадан келген 15 экспонатты тамашалап, президенттің көзін көрген метталургтермен кездесті. Жергілікті шенеуніктер күрделі жөндеуден өткен нысанды да аралатуды ұмытқан жоқ. Алайда, орталықтың төменгі қабатын Ерлан ҚОШАНОВҚА да, журналситерге де көрстепеді.

«30 қараша күні ғана күрделі жөндеу жұмыстары бітті. Шілде айында басталған болатын. Қарашаның соңғы күні бітуі тиіс еді. Әлі де аяқталған жоқ. Құрылыс цокольный этажда әлі жүріп жатыр», — деді Құрманшәді Оразымбетов.

Бізге облыс әкімі Ерлан Қошановтың төменгі қабаттағы әлі жүріп жатқан құрылыстан қаншалықты хабардар екендігі белгісіз. Бірақ та телеарналардан келген камералардың объектісіне түсіруге ешбір шененунік ықыласты болмағаны түсінікті. Әрине, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесінде жоғары деңгейде өтуі тиіс.  

Фотолар автордікі.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.