Фото: today.kz

Өскеменнің тұрғыны Анатолий Сергеев есімді жігіт тәртіп сақшысынан таяқ жедім – дейді. Өзіне қоқаң-лоқы көрсетті деген адам анау-мынау емес,  облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары болса керек. Шені де жоғары, полиция подполковнигі екен.

Оқиға қыркүйектің 30-ы күні кешкі сағат 8.30-дар шамасында болған. Өзін жәбірленушімін деген Анатолий үйінің алдына көлігін қоймақ болған. Айтуынша, сол кезде қызметтік авто көлікпен келген біреулер көлігін тықсырып, қысым көрсетіпті. Даудың басы дәл осы жерден басталған. Бөтен көліктен түскен адам өзінің мүмкіндігі мол екенін айтып, әлімжеттік жасапты.

Өскеменнің "ҚОЖАСЫ" "ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ" ма? 

— Мен тіпті көлігімді орнына қойып, өшіріп те үлгермедім. 707 деген мемлекеттік номері бар ақ «Skoda» автокөлігінен түскен адам, әйелім мен бала-шағамның көзінше намысымды таптады. Балағаттап, бұл қаладан көшіріп жіберемін деп қорқытты. Денсаулығыма зиян келтірді. Көршілерімнің алдында, өз ауламда осылай қор қылды. Содан бері екі ай уақыт өтті. Түк болмағандай қызметін атқарып жүр. Бұл әділеттілікке жатпайды ғой – дейді, Өскемен қаласының тұрғыны Анатолий СЕРГЕЕВ. 

Сол күні болған айқай-шуды естіген сол маңдағы тұрғындар да бар екен. Өздері танымайтын біреудің көршілерін жұлқылап, балағаттағанын олар да растап отыр. 

Өскеменнің "ҚОЖАСЫ" "ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ" ма?

— Сол күні күн жылы болды. Терезем ашық тұрған. Қызымның сабағын оқытып отырған едім. Қатты шыққан айғайды естідім. Қазақша ғайбат сөздер айтқанын анық естідім. Тереземнің алдына келіп қарап едім, бөтен біреудің көршімді кеудесінен ұстап жұлқылап жатқанын көрдім. «БҰЛ МЕНІҢ ҚАЛАМ! СЕНІ ҚҰРТАМЫН! деп, анайы сөздерді айтты. Бұл әрекет шамамен 10 минутқа таяу уақытқа жалғасты. Одан соң, ары қарай маған көрінбей кетті – дейді, Дилара СЕЙІЛХАНОВА. 

Өскеменнің "ҚОЖАСЫ" "ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ" ма?

Жұмыстан келген соң кешкілік серуен құрып, итін ойнатып жүрген Олег ЗЕНИН: Есіктің алдына көршімнің өз көлігімен келіп тоқтағанын көрдім. Артынан келген «Skoda» маркалы ақ автокөліктің де қыса келіп тоқтағанын байқадым. Сол көліктен екі жігіт түсті. Біреуі толықтау келген, екіншісінің бойы ұзындау. Қазақша айғайлап ұрсысқанын естідім. Денесі толық келгені Анатолийге ұмтылып, қол жұмсады. Одан кейін олар көршімді үйдің ар жағына қарай ертіп кетті. Ол жақта не болғанын білмеймін. Көрмедім. Көршім қайта есіктің алдына келгенде қасына барып сұрадым. Оның ұрғанын айтты. 

Бұл жағдайдан кейін Анатолий Сергеев дәрігерлерге қаралыпты. Олар миының шайқалғандығы туралы анықтама берген. Дәлел ретінде оған үй іргесіндегі бейнебақылау камерасына жазылған видеоны қосып, құзырлы органдардың барлығына бірдей шағымданған. Тіпті, президент әкімшілігінен де әділдік іздеп, арыз жазыпты. 

— Өскемен қаласының тұрғыны облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары ұрып-соқты деп, арызданған болатын.  Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 362 бабы, яғни билікті немесе лауазымдық өкілдікті асыра пайдалануға қатысты тергеу амалдары жүріп жатырдейді, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас САДУБАЕВ. 

Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша арызданушының шағымын  прокуратура органдары да зерттеп, зерделеуде екен.

Фотолар атордікі.

 

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.