Мадридтің «Реал» командасы мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич France Football басылымының жылдың ең үздік футболшысына беретін жүлдесін — «Алтын допты» алды.  

Биыл мамырда Модрич «Реал» құрамында ойнап, Чемпиондар лигасын жеңген. Қарашада ФИФА оны жыл ойыншы деп таныған.  

Басылымға берген сұхбатында Модрич «Қандай күйде екенімді айтып жеткізе алмаймын. Бұл жыл мен үшін жеңісті болды. Үздік футболшы деп маған дауыс бергендерге алғысым шексіз» деді.    

2008 жылдан бері «Алтын доп» бес реттен екі футболшыға ғана – Криштиану Роналду мен Лионель Мессиге берілген. Биылғы рейтингіде Роналду – екінші, Месси бесінші орында тұр.  

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.