Ресей Мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин дума комитетіне 25 қарашада Керчь бұғазында украин кемелерін атқылап, теңізшілерін ұстаған шекарашыларды марапаттау туралы ұсыныс әзірлеуді тапсырғанын мәлімдеді.  

Дүйсенбіде Володин: «Желтоқсанның 5-іне дейін Қауіпсіздік және коррупциямен күрес комитетіне шекарамыздың заңсыз кесілуімен күресіп, заңды қорғаған әскерилерді марапаттау мәселесін қарауды тапсырдық», — деді.

Қарай отырыңыз: Ресей теңізшілерінің украин кемесін соғуы

Спикердің сөзінше, ресейлік шекарашылар міндетін «мүлтіксіз» атқарған, олар «шекараны қорғау борышын ерлікпен өтеп, тиімді әрекет еткен»,  «халықаралық нормалар мен ережелердің ешбірін бұзбаған». 

Володин «дума фракцияларының барлығы осындай ойда» деді.

25 қарашада Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, екі әскери кеме, бір буксирді ұстаған. Бірнеше адам жараланған. Екі ел бір-бірін «оқиғаға кінәлі» деп айыптады. Қазір екі елде де оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұған дейін батыс елдері Ресейді украин теңізшілерін босатуға шақырған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.