Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылындағы құрылыс материалдары сатылатын «Ащыбұлақ» әмбебап базарында өрт шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап, inform.kz сайты хабарлады.

Өрт шыққаны туралы хабар желтоқсанның 4-інде таңға жуық — сағат 4.43-те түскен.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері неше базар өртенді?

Сайттың жазуынша, 1400 шаршы метр аумақты өрт лаңы шарпып, құрылыс материалдары тұрған 43 контейнер жанып кеткен. Өрт төрт сағаттан соң – 8.38-де өшірілген. Басылым құрбандар мен зардап шеккендер жоғын жазады.     

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.