Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-та екі қазақстандықтың киберқылмысқа қатысты бар деген күдікпен ұсталғанын растады.

«Ақпаратты растаймыз. Олар – біздің азаматтарымыз. Бірі – Эстонияда, бірі Малайзияда ұсталды», — деді Астана өткен брифингіде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.  

Смадияров іске қатысты өзге ақпарат айтқан жоқ. Тек АҚШ-тың ұсталғандарды экстрадициялау туралы сұранысты ендігі жіберіп қойғанын хабарлады.

28 қарашада Нью-Йорк штатының прокуратурасы цирфлық жарнама саласында алаяқтық жасады деп Ресейдің – алты, Қазақстанның екі азаматы күдікке ілінгенін хабарлаған.   

Прокуратура дерегінше, қазақстандықтар – Сергей Овсянников пен Евгений Тимченко және ресейлік Александр Жуков алғашқысы Малайзияда, кейінгілері Эстония мен Болгарияда ұсталған.

Іс құжаттары бойынша, айып тағылған азаматтар «алаяқ интернет-жарнамамен айналысатын» зақымдалған компьютерлер желісін жасау үшін интернет-домендер мен ондаған серверді пайдаланған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.