Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елдің бас прокурорына «спортшы әйелдер жыныстық зорлыққа ұшырады» деген ақпаратты тексеруді тапсырды.

Желтоқсанның 4-інде Ғани «ер болсын, әйел болсын – спортшыларға мұндай қатынас төзгісіз» деп мәлімдеді.

Guardian басылым қарашаның 30-ында футболшы ауған әйелдерінің қалайша зорлық құрбаны болатыны туралы зерттеу мақала жариялаған. 

Президент Ғани «бұл ақпарат елді есеңгіретіп тастады» деді.

3 желтоқсанда Ғани жағдайды ұлттық олимпиада комитетімен талқылау үшін ер және әйел футболшыларды шақырып, жиын өткізді. Кездесу кезінде президент жағдайды бақылауына алғанын айтты.

Ауғанстанның бас прокуроры Фарид Хамеди желтоқсанның 4-інде «толық әрі жан-жақты тергеу жүргізу үшін ендігі жоспар құрып қойғанын» хабарлады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.