Қонақ үйлер мен сауналардағы жезөкшелер саудасы қызып тұр. Атыраудағы «STOP-трафик» жедел–профилактикалық шарасы  барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Ол бойынша мұнайлы өңірдегі адам саудасына қатысты үш қылмыстық іс тіркелді.

Оның бірінде тәртіп сақшылары сауна әкімгерінің қолынан ондаған жеңіл жүрісті қыздардың визиткаларын тауып алды. Белгілі болғандай, ол өзі танитын Өзбекстан Республикасының азаматшасын клиенттерге «қызмет көрсету» үшін шақырыпты. Күдікті жеңіл жүрісті қыздан қолма-қол үш мың теңге алып жатқан кезінде құрықталды.

Ал қаладағы Темірханов көшесінің бойындағы қонақ үйлердің бірінде «жеңгетайлықпен» күзетші азамат айналысыпты. Ол да қонақ үйге келушілерге «қыздарды» шақырып берген еңбегіне үш мың теңге алған жерінен қолға түсті. Аталған фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, рейд кезінде он сегіз жастағы бойжеткен Атырау қаласы тұрғынының өзін ұрып-соғып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп отырғанын айтып, полицейлерден көмек сұраған. Оның шағымы тексеріліп жатыр.

Фото: youtube.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.