Ақтөбеде бір ай бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Кенжебай АЛДАШЕВТІҢ өлі денесі табылды. Марқұмның денесін қала маңындағы Ақшат ауылының бір сайынан еріктілер тауыпты. 54 жастағы ер адамды құтқарушылар мен полицейлерге қосылып еріктілер іздеген болатын.

Отағасының аман-есен табылатынынан жұбайы да, ағайындары да күдерлерін үзбеген еді. Кенжебай Алдашевті көрген-білген, қай жерде екенін хабары барларға сыйақы да тағайындады. Мүмкін біреулер күштеп ұстап отыр ма деген болжамда болған.

Кенжебай Алдашев 10-қараша күні таң алдында қаланың шетіндегі шаруа қожалығынан шығып кеткеннен, үйіне оралмайды. Таңғы бестердің шамасында төтенше жағдайлар қызметіне қоңырау түседі. Телефонның арғы жағынан ер адам «Балшыққа батып, тал қарманып, әрең тұрмын. Тезірек келіңіздер деп хабарлап ғана үлгереді ». Қоңырауды қабылдай сала, құтқарушылар телефон қоңырауы түскен жаққа қарай жолға шығады. Осылайша, таңғы 7-30-да Кенжебай Алдашевпен байланыс үзілген.

«Көмек сұрап, қоңырау шалғандағы ақпараты дәл келді. Сол Ақшат ауылының маңынан, бір сайдан таптық денесін. Еріктілер 20 күнге жуық  күні-түні іздеген болатынбыз.Өкінішке қарай, өлі денесін таптық. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз »,-  дейді еріктілер тобының басшысы Екатерина ГОЛОТИНА.

Фото автордікі. 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.