Өскеменде 50-ге тарта көп қабатты үй орталық жылу жүйелеріне қосылмаған. Соның кесірінен ондағы жұрт аязды күні үйлерін жылыта алмай әуре сарсаңға түсуде. Үсіп қалмаудың қамын жасаған елдің бірі пәтерлеріне пеш салып алса, енді бірі электр тоғымен жылынуға мәжбүр. Бірақ оның да шығыны шаш етектен. Амал нешік, 21 ғасырда көп қабатты үйдің терезесінен мұржа шығаруға мәжбүр.

Өскемендіктер пәтерде отырып от жағады

Азынаған үйін жылыта алмай ашуланып отырғандардың бірі – Зинаида РИДЕЛЬ әжей. 81 жасқа толған кейуана бойының жылымағанына кейіп отыр. Желтоқсанның ызғары бала күнгі көрген азаптан да өтіп кетті – дейді. Тоғыз жасынан бастап қара жұмысқа жегілген. Соғыс уақытында талмай еңбек екен. Сол үшін тыл ардагері атағын алған. Бірақ сол атақтың қажеті қанша?! Қадірім болмай, қажетсіз болып қалған соң. Қазір жылынбақ түгілі, қазан айы басталғаннан мамыр айы туғанша тіпті жуына да алмаймын деп налиды.

Тыл ардагері жеті айда бір рет жуынады

Өскемендіктер пәтерде отырып от жағады

Менен біреуі келіп, бір ретте сіз жуындыңыз ба жоқ па деп сұрады ма? Қазан айынан мамыр айына дейін жуынбаймын. Үйім суық. Су қатып қалады. Жалғыз жылтқышпен ғана күн көріп отырмын. Далаға шықсам оны өшіріп кетемін. Өрт шығып кете ме деп қорқамын. Қайта келгенімде үйдің іші тоңазытқыш секілді болып тұрады. Бала күнімнен азап тартып, бүгінгі ұрпақ үшін еңбек еттім ғой. Сондағы көрген бейнетімнің зейнеті осы болды – дейді, Грибоедова көшесі 5/1 үйдің тұрғыны Зинаида РИДЕЛЬ. 

Мұндағы барлық 45 пәтерді мекен еткен жандар жылынудың қам-қарекетін әртүрлі жасап әлек. Электр энергиясын жұмсайтындар шығыны көп дейді.

Өскемендіктер пәтерде отырып от жағады

 Жыл сайын электр энергиясының бағасы қымбаттай береді. Бұл бізге өте қиын. Үйде екі-ақ  кісі жұмыс істейміз. Бала-шағамыз бар. Бәрі қымбат. Оларды киіндіріп, оқуларына да ақша жұмсаймыз. Енді оған жылуға кететін шығынымызды қоссақ, тіпті кейде бәріне жетпей қалады. Тек жылы күндері электр энергиясы үшін айына 24, 25 мың теңге төлейміз. Ал қатты аяз болған кезде 30 мың теңгеге дейін шығады – дейді, дәл сол үйдің тұрғыны Оразғали РАХЫМОВ. 

Орталық жылу қазандығына қосылмаған бұл үй 70-жылдары салынған. Тоқсаныншы жылдардың басында жылудан ажыратылған екен. Тұрғындардың содан бергі қыс айларында көрген күндері осы. Ал қаланың жылу жүйелеріне жауапты мекемелеріндегілер болса, мәселені шешудің жолын қарастырып жатқандарын айтты.

Мәселе 25 жылдан бері шешілер емес

Өскемендіктер пәтерде отырып от жағады

«Өскемен жылу жүйелері» акционерлік қоғамының техникалық директоры Талғат ҚАЙЫРКЕНОВ: – Қазір түрлі нұсқаларды қарап жатырмыз. Бұл үйді жылуға қалай қосуға болатынын тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесіп ақылдасудамыз. Нақты жасалатын жұмыстарға байланысты ұсынысты қала әкіміне береміз. Алдағы бірнеше күнде жауабы белгілі болады.

Өскемендіктер пәтерде отырып от жағады

Жауап белгілі болғанымен, жылуға қосу мәселесі нақты қашан орындалатыны белгісіз. Себебі, бұл үйге ең жақын жылу жүйесіне дейінгі арақашықтық бес шақырым. Жауаптылар оған көп қаражаттың қажет екенін де жасырмайды. Айта кетейік, Өскеменнің өзінде ғана осы секілді өндірістік аумақта орналасып, жылуға жарымай тұрған барлығы 45 көпқабатты үй бар.

Өскемендіктер пәтерде отырып от жағады

Фотолар автордікі.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.