Алматы. 24 қараша. 7kun.kz — Соңғы жыл көлемінде Tesla минутына 8 мың доллар, ал әр сағат сайын 480 мың доллардан жоғалтып жатыр деп хабарлайды Bloomberg. 

Осы үдеріс жалғаса берсе компания 2018 жылдың 6 тамызына дейін бүкіл ақшасын тауысып бітеді. Model 3 сатылымға шыққан кезде жағдай өзгеруі мүмкін. Осыған қарамастан компанияның акциялары 3 пайызға өсті.

Tesla-ның басшысы Илон Маск компанияның қаржысын ретке келтіру үшін Model 3-ті сатып алғысы келетіндерден ақшаны алдын-ала төлеуін сұрауға итермелеп отыр. Бірақ Model 3 жеткізілімдері екі жылдан кейін басталады.

Bloomberg сарапшысы Кевин Тайнонның айтуынша, 2018 жылдың ортасына қарай компанияға 2 млрд доллар керек болады.

«Олар тағы ақшасыз 10 ай ма әлде бір жыл шыдай ма бұл маңызды емес. Маңыздысы Маск тезірек ақша табу керек»,-дейді Кевин Тайнон.

Ал Tesla-ның баспасөз хатшысы Дэйв Арнольд компанияда Model 3-ден 5 мың данасын шығаруға ақшасы жеткілікті екенін айтты.

Запись Tesla әр минут сайын 8000 доллардан жоғалтып жатыр впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.