Павлодарда біреудің қорасына түсіп, іштегі малды сол жерде бауыздап тастаған ұрылар іздестірілуде. Оқиға кеше түнде шаһарға қарасты Павлодарское елді-мекенінде болған. Сол ауыл тұрғыны – Баян АЙҒАЗИЕВАНЫҢ айтуынша, ұрылар отбасы шырт ұйқыда жатқанда қорға түсіп, іште байлаулы тұрған бір жасар баспақты бауыздап тастаған.

Соғымсыз қалды

-Таңертең әдеттегідей күйеуімді жұмысқа, балаларды мектепке аттандырып қораға қарай беттедім. Есік алдында қан іздерін байқадым. Иттер төбелескен шығар деп ойлап қалдым. Сөйтсем, жемге қойып, арнайы семіртіп  отырған бұқамызды біреулер тура өз қорамыздың ішінде бауыздап, етін ала қашқан. Жанындағы арық сиырыма тиісіп үлгермеген болулары керек, -дейді Павлодарское ауылының тұрғыны Баян АЙҒАЗИНОВА.

Қораға түскен ұрылар бұл іске тыңғылықты дайындалған сыңайлы. Өйткені, оларды шырт ұйқыда жатқан тұрғындар түгілі, аулада бос жүрген иттер де сезбегенге ұқсайды. Таң атпай есі шыққан отбасы бұл туралы бірден 102-ге хабарлаған екен. Оқиға орнына жеткен полицейлер ұрылардың ізіне түсу үшін мұнда кинологтар мен иісшіл иттерді алдыртыпты. Қазір сол тонаушыларға іздеу жарияланған.

-ҚР Қылмыстық кодексінің 188-ші «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл іске қатысы бар деген күдіктілерге іздеу жарияланған, -дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соғымсыз қалды

Павлодарское ауылының жұрты енді тура үйінің алдында тұрған қорасының есігіне құлып салуды ойлап отыр. Өйткені, біреудің қорасына басып кіріп, іштегі төрт-түлікті бауыздап кеткендер қайта орала ма деп үрейленеді.

Суреттер автордікі

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.