Франция тергеушілері Airbus компаниясының басшысы Том Эндерсті және тағы үш басшысын 2010 жылы Қазақстанға спутниктер сатуға қатысты істе куәгер ретінде жауап алды. Бұл туралы еуропалық БАҚ-қа сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.

France Inter, Der Spiegel және Mediapart басылымдарының хабарлауынша, Нантер қаласының тергеушілері қазанның басында Том Эндерстен және компанияның басқарма төрағасы Денис Ранкеден жауап алған.

«Франция билігі спутник сату келісіміне қатысты пара беру ісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр» деп хабарлаған француздың Mediapart басылымы компанияның басқа басшылары бұл іске қатысы барын жоққа шығаратынын айтады. Басылым дерегінше, компанияның Қазақстанмен келісім-шарт жасасуы кезінде 8,8 миллион еуро көлемінде заңсыз төлем жасалған. 

«Біз құқық қорғау органдарымен толық ынтымақтасып отырғанымыздан басқа комментарий бере алмаймыз» деген Airbus компаниясының баспасөз хатшысы.

Airbus-тың АҚШ-тың реттеуші органдарына қару-жарақ технологиясын сатуға қатысты берген мәліметтерінде сәйкессіздік бары анықталған соң компанияның сату келісімдері тексеріле бастаған. Бұл іске Эндерс те шатылған.

Франция мен Германияның әрқайсысы Airbus-тың 11 пайыз акциясына ие. Франция қаржы миинстрі таяуда Эндерс Airbus басшылығына сенгенін айтқан болатын.

Франция билігі Airbus компаниясымен келісім-шарт жасасу кезіндегі коррупция фактісі бойынша істі 2014 жылдан бері тергеп жатыр.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.