Қазір ел арасында жиі талқыға түсетін тақырыптың бірі – банктердің заңсыз комиссиялары. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Alpha law firm ЖШС директорының орынбасары Дмитрий Ли  заңсыз комиссиялардың жалпы көлемін айтып,  бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған мәліметтерді ашып отыр.  Сонымен бірге банктердің заңсыз тапқан дүниесін клиентке қайтару механизмін де түсіндіріп өтті.

    – Банктердің заңсыз комиссияларын қайтарып алуды Қазақстанның бірқатар аймақтарында сот арқылы шешу үрдісі белең алды. Айталық, солтүстіктегі облыстарда 2016 жылдан бері тұтынушы кредиттері бойынша банк комиссияларының қаншалықты заңды жолмен алынып жатқаны жақсы талқыланып жүр.  Астанада аталған тәжірибе 2017 жылдары енгізіле бастады. Мән беретін бір жайт: елордалық сот бүгінде осыған қатысты шағымдарды сөзге келместен қарауға көшті. Бұрын жағдай басқаша еді.

 – Заңсыз комиссиялар деген не? Түсінікті тілде талдап берсеңіз.

– Бұл дегеніңіз – қарыз алушының кредит алғанда немесе жапқанда төлеген комиссиялары. Яғни сыйақы және кредит бойынша негізгі қарыздан бөлек төлемдер. Қазақстан жоғарғы сотының азаматтық істер алқасы бекіткендей (ҚР ЖС №3/2017 бюллетенінде жарияланған), комиссия және кредитке қатысты тағы басқа төлемдер банктің нақты қызметі үшін өндіріп алынады. Десек те, комиссия алынған банк қызметтері тұтынушы үшін пайдалы болуы тиіс. Қарыз алушы сол үшін банкке пайыздық сыйақы төлейді. Заңсыз комиссия  алатын қызметтердің қосымша құнын жауапкер жаққа дәлелдеу қиын.

 1995 жылы 31 тамызда қабылданған ҚР «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметтері туралы» заңында банктердің көрсетуі тиіс қызметтерінің толық тізімі бар. Жоғарғы соттың ойынша, банктердің мына төмендегі мәселеге комиссия алуының қаншалықты заңды екендігі көп сауал ұялатады: несиені уақытынан бұрын қайтару; қарыз алуға қажет құжаттар мен өтінішті қарастыру; қарызды рәсімдеу; қарыз, шағын несие беру; клиенттің өтініші бойынша қарыз не шағын несиеге қатысты қанша қарызы бар екенін көрсететін анықтама беру; қарыз бойынша қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы есепшотты ашу және жүргізу; есепшоттан қолма-қол ақша алу. Аталған комиссиялардың барлығын шартты түрде төлем жүргізу әдісі мен мерзіміне байланысты біржолғы және ай сайынғы комиссиялар деп бөліп қарастыруға болады. Ай сайын алынатын комиссиялардың айырмашылығы – несие бойынша қызмет көрсеткен уақыт бойы ай сайын төленетінінде. Әдетте оларды төлеудің міндетті екені келісімшарттың сәйкес тармағында көрсетіліп, төлемдер графигіне қосылады. Егер тұтынушының төлем кестесінде қандай да бір комиссия болса, ол  заңсыз және оның сотқа шағым түсіруіне құқығы бар.

Өңірлерде, міне, осындай комиссияларға қатысты  сот тәжірибесі қалыптасып келеді.  Осындай шағым-талаптар Ақтөбе, Павлодар, Орал, Өскемен, Семей соттарының тарапынан сөзсіз қабылданады. Сондай-ақ біздің компания да Астана және Алматыда осындай комиссияларға қатысты талап арыздармен сотқа жүгінуде. 

  – Егер соттар талапкерлердің арызын үнемі қанағаттандырып отырса, талап қоюшылардың сіздің  не басқа да компаниялардың көмегіне не себепті жүгінеді?

   –Бар мәселе осында. Заңға сәйкес, азамат бір мәселе бойынша сотқа тек бір рет талап арыз бере алады. Яғни талапкердің нысанаға дәл тигізуіне бір ғана мүмкіндік беріледі деген сөз.  Бұл жерде барлығы заңгердің біліктілігі мен арыз-шағымның дұрыс дайындалуына байланысты. Мұндай нәрсе  екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бірде мынадай оқиға болды, Астанадағы ірі компаниялардың бірінде заң департаментінің бастығы несиенің заңсыз комиссияларына қатысты талап түсірді. Заңгердің тәжірибесі мол болғанымен, жөн-жобаны нақты білмегендіктен, сот талаптың кей жерлерін ғана қанағаттандырды. Және тағы бір жағдайда клиент жеке қызмет көрсететін заңгерге жүгініпті. Ол болса талап арызды дұрыс жазбаған, соның салдарынан сот оны қанағаттандырмады.  Сосын, әлгі талапкер бізге жүгінді. Жаңадан ашылған мән-жайларды тауып, қайта талап түсіруге құқық алдық. Сондықтан «Альфаның» кеңсесіне  бірден келгеніңіз дұрыс. Бүгінде Астана, Алматы, Атырау және Тараз қалаларында «Альфаның» кеңселері жұмыс істейді.

 – Біржолғы комиссиялар жайлы не айтасыз?

– Бұл жерде мәселе сәл күрделірек. Қазіргі таңда  «Альфада» Астананың аудандық соттарының бірінші инстанциясында  қанағаттандырылмаған бірнеше шағым бар. Бірақ бұл жеңілгенімізді білдірмейді. Аталған шешімдермен келіспей, апелляциялық тәртіпте қайта қаратуға дәрменіміз бар. Апелляция бойынша біржолғы комиссияға қатысты шағымның оң нәтиже беріп, банктің клиентке ақшасын қайтарған бір жағдайы тіркелген. Бүгінде апелляцияда қаралып жатқан алты шағым бар. Істерді қарау күндері де белгіленген. Әзірге жеңілгеніміз жоқ.

  – Сонда кез келген несие келісімшартында заңсыз комиссия болады деген сөз бе?

 – Заңсыз комиссиялары бар несиелердің қанша екені айтылған нақты мәлімет жоқ. Дегенмен бізде ашық деректерге негізделіп жасалған бағалау бар. Бір реттік комиссиялар бойынша көрсеткіш мынадай: Ұлттық банктің статистикасына сүйене отырып, 2012 жылдан бастап, 2018 жылдың жеті айы ішінде берілген нақты ипотекалық несиелер көлемін жинақтадық. Сонымен бірге Ұлттық банк деректеріне негіздеп, 2005-18 жылдар аралығындағы банк секторының қарыз портфелін бағамдадық. 2005-11 жылдары берілген ипотекалар бойынша бағалау жүргізілді. 2005 жылдан бері банктер тарапынан 2,8 трлн теңгеге ипотекалық қарыз берілген. Ипотекалық кредиттер бойынша қарызды рәсімдеуге алынатын біржолғы комиссиялардың көлемі (немесе қолма-қол ақша алғанда ұсталатын комиссия) берілген соманың 1-2 пайызын құрайтыны белгілі. Біздің тәжірибемізде барлық соманың 5 пайызын алған жағдайлар да кездесті. Яғни ипотекалар бойынша біржолғы заңсыз комиссиялар арқылы 27-55 миллиард теңге өндіріп алуға болады.  Бірінші кредит бюросының деректеріне сүйенсек, 2018 жылдың тамызында Қазақстандағы ипотекалық несиенің орта сомасы – 6,2 миллион теңге. Демек, ипотекалық келісімдерге қатысты қайтарылуға жататын қаржы көлемін 450 мың доллар шамасында деп бағамдауға болады.  Ұлттық банк деректері бойынша, 2012 жыл мен 2018 жылдың жеті айы бойынша тұтынушы қарыздарының көлемі 13 трлн теңге екенін білдік.  Тұтынушы қарыздары бойынша заңсыз комиссияларға қатысты шағым түсіріп, кредит көлемін анықтау үшін, шамамен айтқанда, 2013 жылдан бергі 12 трлн теңгені құраған көлемді есептейді.    Бірінші кредит бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2013 жыл мен 2018 жылдар аралығында тұтынушылар қарызының орташа мөлшері 653 мың теңгеден 547 мың теңге аралығында өзгеріп отырған.

 Осылайша бір реттік заңсыз комиссиялар 19,9 миллион несие келісімшарттарында кездеседі десек болады. Оларды сот тәртібімен даулауға болады.  Біржолғы заңсыз комиссиялардың сомасы шағым түсірілген несиелердің сомасының 5-12 пайызы аралығында. Демек, 0,6-1,4 трлн теңге шамасында деген сөз. 

    Бірінші кредит бюросының мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2018 жылдың 1 тамызында бөлшек қарыздар бойынша  қарыз портфелі 5,73 трлн теңге мен 10,471 трлн теңге аралығында. Бір қарыз алушыға 1,65 келісімшарттан келеді екен. Осыдан барып заңсыз комиссиялар 6,35 миллион теңге қарыз алушының келісімшарттарында бар деген тұжырым жасай аламыз. Бұл дегеніңіз – Қазақстан тұрғындарының үштен бірі.  Сандар шынымен қорқынышты. Бұлай жалғаса берсе, болашақта банктерге 1 трлн теңге тікелей шығын әкелетін 12 миллион шағымға айналуы мүмкін. 

    Мұндай жағдайда барлық банк жүйесінің екі жылдық табысына немесе барлық банктердің жарғы капиталының 80 пайызына тең залал келеді. Сондай-ақ сот жүйесіне де қосымша жүк болады. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында бірінші инстанция соттары 1,8 миллион іс қараған. Қазіргідей қарқынмен 12 миллион шағымды қарауға  ондаған жылдар уақыт кетеді. 

– Бұл, расымен, сұмдық ақпарат екен. Ай сайынғы комиссиялардағы жағдай қалай?

   – Олардың саны әлдеқайда азырақ. Өйткені ол барлық несиелерде бола бермейді. Дегенмен өндірілетін қаражаттың көлемі үлкен. Тағы да Ұлттық банктің деректеріне жүгінейік, тұтынушы қарыздарын беру бойынша екінші деңгейдегі банктер  қарыз портфелінің бөлінісіне елімізде 2005 жылдан бері заңсыз ай сайынғы комиссиялар алу жағдайы көп кездесетін банктер 2 трлн теңге көлемінде қарыз берген. 2013 жылдан бері түсірілген шағым-талапты ескерсек, дауланатын қарыз сомасы 1,6 трлн теңге шамасында болады. Біз осылай бағамдап отырмыз. Сонымен бірге ай сайынғы комиссиялар алынған қарыз сомасының 13 пайызына тең болатынын байқадық. Бұл дегеніңіз ай сайынғы комиссияларды қайтару бойынша шағым-талаптар сомасы шамамен 200 миллиард теңге болуы мүмкін екенін білдіреді. Таласқа түсіп отырған қарыз көлемі – 2,2 миллион теңге. Яғни соттарда дауланған несиеге қатысты келісімшарттардың саны 700 мыңға жетіп отыр. 

 – Сонымен, сөздің тоқетерінде не айтасыз?

  – «Альфа» Астана соттарында 415 істі сәтті аяқтады. Ешбірінде жеңілген жоқ.

–Әңгімеңізге рақмет.

Материалды редакция рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды!

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.