Бүгін түрлі мемлекеттік марапаттарға 1600 адам ие болды. Олардың ішінде  халық жазушысы Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ те бар.

akorda.kz сайтының хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ салтанатты рәсімге қатысқан. Түрлі марапатқа ие болғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтапты.Президент  «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құралай БӘЙМЕНОВАҒА тапсырды.

– Сіздер өскелең ұрпақ пен еліміздің барша азаматтарына аянбай қызмет етудің, айрықша еңбексүйгіштіктің және нағыз патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер. Сіздердің жетістіктеріңіз мемлекеттің ең жоғары бағасына және халықтың құрметіне лайық, – деді Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Сондай-ақ, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш ЖҰМАДІЛОВТЫ ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттап, оның тарихи романдары мен шығармалары әлемнің көптеген тіліне аударылғанын және қазақ әдебиетінің алтын қорына енгенін атап өтті.

"Нұрсұлтан салған нұрлы жол сөзінің авторы - мен!"

Қазір ауыздан-ауызға көшіп жүрген бір сөз бар. Ол — «Нұрсұлтан салған нұрлы жол» деген сөз. Менің мақтануыма болады. Сол сөзді осыдан ширек ғасыр бұрын, 1993 жылы алғашқы рет айналымға енгізіп айтқан алғашқы авторы мен едім, – деді өз кезегінде жазушы Жұмаділов.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.