Жамбыл облысында 20 желтоқсан күні газ өңдеу зауытында жарылыс болып, екі адам жараланды деп хабарлады Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Комитет ақпаратына қарағанда, жарылыс бүгін таңертең сағат 8:27-де Жамбыл ауданы Аса ауылында «Амангелді газ өңдеу зауытының» Тараз филиалы аумағында болды. Зауыттағы мұнайды қыздыруға арналған пешті қосатын кезде түтін шығатын құбырдағы газ-ауа қоспасынан жарылыс шығып, құбырдағы мұнай қалдықтары өртенген. Өрт жарты сағат шамасында сөндірілген.

Жараланған екі адам ауруханаға жеткізілген.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.